2013 жылғы 27 желтоқсан Астана қаласы
«2013 жылғы өнімнен мемлекеттік астық ресурстарына облыстар бойынша астық сатып алу квоталарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 4-2/621 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
бұйырамын:
1. «2013 жылғы өнімнен мемлекеттік астық ресурстарына облыстар бойынша астық сатып алу квоталарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министріні 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 4-2/621 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8944 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2013 жылғы өнімнен мемлекеттік астық ресурстарына облыстар бойынша астық сатып алу квоталары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті (Буць А.А.) заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Министр А. МАМЫТБЕКОВ.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №4-2/681 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 4-2/621бұйрығымен бекітілген
2013 жылғы өнімнен мемлекеттік астық ресурстарына облыстар бойынша астық сатып алу квоталары
Облыс атаулары
Мемлекеттік ресурстарға астық сатып алу квотасының көлемі, мың тонна
Ақмола
65,8
Шығыс Қазақстан
8,8
Қарағанды
8,4
Қостанай
46,9
Павлодар
7,3
Солтүстік Қазақстан
51,4
БАРЛЫҒЫ
188,6
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 30 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 9053 болып енгізілді.