2014 жылғы 19 ақпан, Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру», «Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру», «Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тiркеу» және «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды және одан шығуды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 19 ақпандағы №111 қаулысымен бекітілген
«Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің аумақтық көші-қон полициясының бөлiмшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) қажетті құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн;
2) құжаттарды тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесі – азаматтығы жоқ адамның куәлiгі және шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты.
7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет ақылы болып табылады. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үшiн мемлекеттiк баж алынады, ол «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнің (Салық кодексi) 540-бабына сәйкес:
азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн ресiмдеу кезiнде - мемлекеттiк баж төленген күнге белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнің 400 пайызын;
шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын ресiмдеу кезiнде - мемлекеттiк баж төленген күнге белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнің 20 пайызын құрайды.
Мемлекеттiк баж төлемнiң мөлшерi мен күнiн растайтын құжат (түбіртек) беретiн Қазақстан Республикасының банктік мекемелері арқылы төленеді.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі жүгінген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажетті құжаттардың тізбесі:
1) азаматтығы жоқ адамның куәлігін ресімдеу үшін:
тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;
мемлекеттiк бажды төлегенi туралы құжат;
өлшемi 3,5 х 4,5 сантиметр үш фотосурет;
мына құжаттардың бірі:
жарамдылық мерзiмi аяқталған шетелдік паспорт;
азаматтығы жоқ адамның куәлiгi;
1974 жылғы үлгідегі (бұрынғы Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағының) паспорты;
әскери билет;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны туралы анықтама;
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу және азаматтығын өзгерту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес азаматтықты өзгерту туралы анықтама;
туу туралы куәлік (он алты жасқа дейінгі адамдарға ресімдеу кезінде);
Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері беретін оралуға куәлік (шетелде уақытша жүрген азаматтығы жоқ адамның куәлігі жоғалған кезде);
2) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын ресімдеу үшін:
тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;
мемлекеттiк баждың төленгенi туралы құжат;
өлшемi 3,5 х 4,5 сантиметр үш фотосурет;
жарамды ұлттық паспорт.
Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін осы мемлекеттік қызмет стандартына қосымшаға сәйкес формуляр ресімделеді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағымдар пошта арқылы жазбаша нысанда немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.
Шағымда көрсетілетін қызметті алушы оның тегін, атын, әкесінің атын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірін және күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
Қабылданған шағым ішкі істер органдарының жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін есепке алу журналдарында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат күні мен уақыты, шағымды/өтінішті қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап қызметті алушыға пошта бойынша не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен өтініш білдіре алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
12. Мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері:
1) дене мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, ғимараттарға кіру пандустармен жабдықталған, күтуге арналған креслолар бар;
2) денсаулық жағдайына байланысты қызметті берушіге жеке өзі келу мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша шыға отырып жүргізеді.
13. Мемлекеттiк қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында: «Iшкi iстер органдарының қызметi туралы» бөлiмде орналастырылған.
14. Қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қолжетімділік режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының телефоны бойынша, көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің телефондары бойынша алу мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтердің байланыс телефондары www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.
«Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiк пен шетелдiктерге тұруға ықтиярхат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 19 ақпандағы №111 қаулысымен бекітілген
«Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің аумақтық көші-қон полициясының бөлiмшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) қажеттi құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтiзбелiк 60 (алпыс) күн;
2) құжаттарды тапсыру үшін рұқсат етiлетін ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат етiлетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) және болжанатын тұрғылықты жері бойынша тіркеу.
7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет ақылы болып табылады. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үшiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 540-бабына сәйкес мемлекеттiк баж алынады, ол мемлекеттiк баж төлену күніне белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінің 10 пайызын құрайды.
Мемлекеттiк баж төлемнiң мөлшерi мен күнiн растайтын құжат (түбіртек) беретiн Қазақстан Республикасының банктік мекемелері арқылы төленеді.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алу үшiн қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өз қолымен мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.
Он алты жасқа толмаған немесе әрекетке қабілетсіз болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының өтінішін ата-анасының бірі немесе заңды өкілі береді.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) ұлттық паспорттың көшірмесі және түпнұсқасы, азаматтығы жоқ адамның құжаты, өтініш беру күніне олардың жарамдылық мерзімі күнтізбелік 180 (бір жүз сексен) күннен артық болуы тиіс;
бірлескен қолдаухат беру кезінде: баланың туу туралы куәлігінің немесе 16 жасқа толмаған баланың жеке басын куәландыратын басқа құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы;
2) Қазақстан Республикасында болудың заңдылығын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) оның азаматтығы мемлекетінің жазбаша келісімі ретiнде болуы мүмкiн кету парағы не шетелге тұрақты тұру үшiн шығуға рұқсатты растайтын басқа құжат (босқындар деп танылған немесе Қазақстан Республикасында баспана берілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоспағанда);
4) өзінің төлем қабілеттілігін растау туралы құжат.
Оралмандардан, Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын азаматтығында болған бұрынғы отандастардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негiзiнде Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу құқығы бар адамдар және бірге келген олардың отбасы мүшелерiнен төлем қабілеттілігін растау туралы құжат талап етілмейді;
5) азаматтығы тиесілі және (немесе) тұрақты тұратын мемлекетіндегі соттылығы (соттылығының жоқтығы) туралы құжат;
6) 14-тен 16 жасқа дейінгі баланың Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға нотариалды куәландырылған келісімі;
7) арыз берушіге баспана ұсыну туралы жеке немесе заңды тұлғамен шарт не шетелдіктің не азаматтығы жоқ адамның тұруына және тұрақты тіркеу есебіне қоюға нотариалды расталған келісім;
8) Қазақстан Республикасының медициналық мекемесі берген медициналық куәландыру туралы анықтама;
9) өлшемi 35x45 мм 4 фотосурет (фотосурет арыз берушінің жасына сәйкес болуы және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсiрiлуі және адамның бетi фотосуреттiң жалпы алаңының 75%-ға жуығын алуы тиiс);
10) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарымен некеде тұратындар неке туралы куәліктің көшірмесін және жұбайының (зайыбының) жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
10. Мыналар:
1) заңсыз келген, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн өздерi шыққан елдердiң заңнамасы бойынша қудалаудағы;
2) сотталғанға дейiн тұрақты тұратын жерi Қазақстан Республикасының шегiнен тыс болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған;
3) адамзатқа қарсы қылмыс жасаған;
4) оралмандарды, Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында тұрған бұрынғы отандастарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негiзiнде Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу құқығы бар адамдар мен олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және мөлшерлерде өзiнiң төлем қабiлеттiлiгiн растауды ұсынбаған;
5) шетелдiктердiң Қазақстан Республикасындағы құқықтық жағдайы туралы заңнаманы бұзған;
6) ұлтаралық және дiни араздықты тұтандыратын;
7) әрекеттерi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған;
8) Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсiздiгiне қарсы шыққан, оның аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырған;
9) террористiк қызметі, ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшiн соттылығы бар;
10) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат ету туралы өтінішпен жүгiнген кезде жалған құжаттар ұсынған не өзi туралы жалған мәлiметтер хабарлаған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмдерде қажеттi құжаттарды дәлелсiз себептермен ұсынбаған;
11) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру сәтiнде Қазақстан Республикасынан бес жылдың iшiнде шығарылған;
12) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;
13) Қазақстан Республикасынан уақытша шыққан және Қазақстан Республикасына қайтып оралудың өздері мәлімдеген мерзiмнен кейін алты ай өткен соң оралмаған;
14) егер бұл неке соттың заңды күшiне енген шешiмiмен жарамсыз болып танылған жағдайда, тұруға ыхтиярхатты алу үшін негiз болған Қазақстан Республикасының азаматтарымен некеге отырған;
15) Қазақстан Республикасына кiру үшiн қарсы көрсетiлiм болып табылатын аурулары бар қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту үшін негіз болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағымдар пошта арқылы жазбаша нысанда немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол жұмыс күндері беріледі.
Шағымда көрсетілетін қызметті алушы оның тегін, атын, әкесінің атын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірін және күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
Қабылданған шағым ішкі істер органдарының жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін есепке алу журналдарында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат күні мен уақыты, шағымды/өтінішті қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта бойынша не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен өтініш білдіре алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
13. Мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимараттарға кіру пандустармен жабдықталған, күтуге арналған креслолар бар.
14. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында «Iшкi iстер органдарының қызметi туралы» бөлiмде орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қолжетімділік режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.
«Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
нысан
________________________________
________________________________ Арыз берушінің Т.А.Ә,
________________________________ болатын жерінің мекенжайы
(ІІД, ІІБ бөлінісінің атауы)
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат/не рұқсат беруден бас тарту
Сізге _______________________________________________________________
(шешім қабылдаған орган, шешім қабылданған күн
__________________________________________________________________
және нөмірі көрсетілсін)
______________________________________________________шешімімен
(заңның бабы, бөлігі, тармағы көрсетілсін)
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат етілгенін/ рұқсат беруден бас тартылғанын/тұруға ықтиярхаттың жарамдылық мерзімі ұзартылғанын хабарлаймын (қажет емесі сызылсын)
Тұруға ықтиярхатты ресімдеу/тұруға ықтиярхаттың жарамдылық мерзімін ұзарту үшін Сізге
__________________________________________________________________
(ІІД, ІІБ мекенжайы, қабылдау күндері
__________________________________________________________________
және қабылдау сағаттары, қызметкердің Т.А.Ә.)
_________________________________________________өтініш білдіру қажет.
ІІД, ІІБ көші-қон полициясы бөлінісінің
(бөлімінің, бөлімшесінің) бастығы
_______________________________ ______________________
(арнаулы атағы, тегі, аты-жөні) (қолы)
20 __ жылғы «____» ____________ М.О.
«Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
нысан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТҰРАҚТЫ ТҰРУҒА РҰҚСАТ БЕРУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ
__________________________________________________________________
(ішкі істер органының (ІІД, ІІБ, АІІБ) атауы)
Тіркеу нөмірі ________________________________________
(уәкілетті лауазымды адам толтырады)
Фотосуреттің
орны
(35 x 45 мм)
Маған және/немесе менің ұлыма, менің қызыма, менің асырап алған балама/менің қамқорлығым (қорғаншылығым) белгіленген балаға/мемлекеттің қамқорлығындағы балаға (қажет емесі сызылсын) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруді сұраймын.
20___ жылғы «___»_______бастап 20____жылғы «____»_______
дейін__________________________мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасында
уақытша тіркелгенмін.
Осы өтінішпен жүгінуге себеп болған уәждер
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Өтініш беруші туралы мәліметтер
1. Тегі, аты (аттары), әкесінің аты (егер бар болса) _______________________
__________________________________________________________________
(тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен жағдайда бұрынғы тегін, атын, әкесінің атын,
__________________________________________________________________
өзгерту себебі мен күнін көрсетсін, жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес тегі мен аты орыс және)
__________________________________________________________________
(латын алфавиттерінің әріптерімен жазылады)
2. Туған күні, айы, жылы және жері ____________________________
__________________________________________________________________
3. Қазіргі уақытта қандай шет мемлекеттің азаматтығы (тиесілігі) бар
(бұрын болды ма) _________________________________
__________________________________________________________________
(қайда, қашан және қандай негізде алынды, айырылды)
4. Жынысы ___________________________________________________________
(ер, әйел)
5. Жеке басын куәландыратын құжат_____________________________
(құжаттың нөмірі және сериясы, кім
__________________________________________________________________
және қашан берді)
6. Ұлты ________________________________________________
(қалауы бойынша көрсетіледі)
7. Діни нанымы _______________________________________________
(қалауы бойынша көрсетіледі)
8. Қазақстан Республикасының аумағында тудыңыз ба және КСРО азаматтығында тұрдыңыз ба немесе Қазақстан Республикасының аумағында тудыңыз (қажет емесі сызылсын) ______________________________________________________
(көрсетілген мәліметтерді растайтын құжат)
9. Қазақстан Республикасының азаматтығында тұрған еңбекке жарамсыз ата-анаңыз бар ма _____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, туған күні,
__________________________________________________________________
еңбекке жарамсыздығын растайтын құжат)
10. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат және тұруға ықтиярхат беру
туралы бұрын өтінішпен жүгіндіңіз бе
________________________________________________________
(егер иә болса, қашан және қандай органға, қандай шешім қабылданды)
11. Отбасы жағдайы ___________________________________________
(үйленген (тұрмыста), бойдақ (тұрмысқа шықпаған),
__________________________________________________________________
ажырасқан, неке қию (бұзу) туралы куәлік, берілген күні және орны)
12. Кәмелеттік жасқа толмаған (оның ішінде асырап алынған, қамқорындағы, қарамағындағы) балаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тіркеуі бар отбасы мүшелері:
Өтініш берушіге қатысы Тегі, аты, әкесінің аты Туған жылы және жері Азаматтығы (тиесілігі) Тұратын, оқитын жерінің мекенжайы Жұмыс орны
13. Оқуын қоса алғанда, еңбек қызметі туралы мәліметтер:
Күні (айы және жылы) Мекемені көрсете отырып лауазымы, жұмысқа қабылдануы, жұмыстан шығуы Жұмыс орнының мекенжайы
14. Өтініш берген күннің алдындағы жылғы 1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы табысының түрі және көлемі
1 Табыс түрі
2 Табысының көлемі (теңгемен, шетелдік валютамен)
3 Негізгі жұмыс орны бойынша табысы
4 Өзге де қызметтен табысы
5 Банктегі салымынан табысы
6 Бағалы қағаздадан және коммерциялық ұйымдарда қатысу үлесінен табысы
7 Зейнетақысы, стипендиясы және өзге әлеуметтік төлемдері немесе табысы (қандай екені көрсетілсін)
15. Жеке сәйкестендіру нөмірі (егер бар болса)
__________________________________________________________________
(куәлігінің нөмірі, берген күні мен орны, оны берген органның атауы)
16. Сіз Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкімшілік елден шығаруға
не болмаса өтініш берудің алдында бес жыл ішінде елден қууға ұшырадыңыз
ба ____________________________
(егер ұшырасаңыз, неше рет және қашан)
17. Сіз ауыр немесе аса ауыр қылмыс не болмаса қауіпті деп танылған қылмысты қайта
жасағаныңыз үшін заңды күшіне енген сот үкімімен сотталдыңыз ба
_____________________________________________________
(егер сотталсаңыз, неше рет және қашан)
18. Қазақстан Республикасының аумағында не болмаса одан тыс жерлерде ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаныңыз үшін жабылмаған немесе алынбаған соттылығыңыз бар ма ___________________________________
(егер болса, неше рет және қашан)
__________________________________________________________________
19. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу (тұру) режимін қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаныңыз үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылдыңыз ба ________________________
(егер тартылсаңыз, неше рет және қашан)
20. Адамның иммунитеті тапшылығы вирусымен туындайтын аурумен, нашақорлықпен, айналадағылар үшін қауіпті болып табылатын жұқпалы аурумен ауырмайсыз ба ____________________________
(егер ауырсаңыз, нақты қайсысымен)
__________________________________________________________________
21. Ата-анасы Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру туралы рұқсат алған кезде жазылатын/дербес рұқсат алатын бала туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері, азаматтығы)
________________________________________________________________________
Көрсетілген балалардың басқа ата-анасы туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты,
туған күні, азаматтығы, тұрғылықты жері)__________________________________
22. Уақытша тұратын жерінің мекенжайы, телефоны______________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Өтінішпен бірге мынадай құжаттар ұсынамын:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Маған Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабымен көзделген жағдайларда рұқсат беруден бас тартылуы не болмаса берілген тұруға ықтиярхаттың күші жойылуы мүмкін екені туралы ескертілді. Ұсынылған құжаттардың тұпнұсқалығын және жазылған мәліметтердің шынайылығын растаймын.
20__ жылғы «__» _____________________
_____________________________
(өтініш берліген күні) (өтініш берушінің қолы, лауазымды адам болған кезде
қойылады)
20__ жылғы «__» ____________өтініш қарауға қабылданды.
Өтініштің толтырылғанының дұрыстығын және қажетті құжаттардың бар-жоғын тексердім, өтінішке мен болған кезде қол қойылды, өтініш берушінің қолының түпнұсқалығын растаймын________________________
(арнайы атағы (егер бар болса),
__________________________________________________________________
құжатты қабылдаған уәкілетті лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты-жөні)
___________________________
(лауазымды адамның қолы)
Өтініш қысқартуларсыз, аббревиатураларсыз, түзетулерсіз және шимайсыз қолмен немесе техникалық құралдарды (жазу машинкалары, компьютерлер) пайдалана отырып толтырылады.
Сұрақтарға жауап жан-жақты болуы тиіс. Қолмен орындалған мәтін түсінікті болуы тиіс.
Өтінішті қабылдаған көші-қон полициясы бөлінісінің мөртабаны қойылады.
Осы тармақты толтырған кезде мекемелердің атауы өтініш беруші сонда жұмыс істеген кезеңде қалай аталса солай аталуы тиіс.
Егер өтініш беруші заңды тұлғаның білімінсіз кәсіпкер болып табылса, онда тіркеу туралы туралы куәліктің нөмірі, тіркеген органның атауы және берілген орны көрсетіледі.
Егер өтініш берушіге зейнетақы тағайындалса, зейнетақы түрі, зейнетақы куәлігінің нөмірі, оны кім және қашан бергені көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 19 ақпандағы №111 қаулысымен бекітілген
«Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Ішкі істер департаменті аумақтық көші-қон полициясының бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасында пана іздеген шетелдіктердің және олардың отбасы мүшелерінің болатын жері бойынша көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) қажетті құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн;
2) құжаттарды тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi:
1) босқын куәлігі;
2) босқынның куәлігіне мөр және көрсетілетін қызмет беруші лауазымды тұлғасының қолын қою;
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттардың тізбесі:
1) босқын мәртебесін беру үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша босқын мәртебесін беру (ұзарту) туралы қолдаухат;
пана іздеген адамның жеке басын куәландыратын немесе растайтын құжаттар;
қолдаухаттың негізділігін растайтын құжаттар мен материалдар (болған жағдайда).
2) босқын мәртебесін ұзарту үшін:
еркін нысандағы өтініш.
Барлық қажетті құжаттар қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы көрсетілетін қызметті алушыға талон береді.
10. Мыналар:
1) адамның нәсілдік, ұлттық, діни сенім, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалау құрбаны болуы мүмкін деген негізделген қауіп болмаса;
2) егер адам өзі туралы және Қазақстан Республикасының аумағына келу мән-жайлары туралы хабарлаудан бас тартса не көрінеу жалған мәліметтерді хабарласа, сондай-ақ жалған құжаттарды ұсынса;
3) адамда өзі оның қорғауын пайдалана алатын үшінші мемлекеттің азаматтығы болса;
4) егер адам қауіпсіз үшінші елдің аумағынан тікелей келсе;
5) егер аталған адамға қатысты өзі азаматы болып табылатын елде не келген елінде әрекет ететін террористік, экстремистік, сондай-ақ тыйым салынған діни ұйымдардың қызметіне қатысады не қатысты деп топшылауға салмақты негіздер болса;
6) егер аталған адам жөнінде бейбітшілікке қарсы қылмысқа, әскери қылмысқа немесе адамзатқа қарсы қылмысқа қатысты шаралар қолдану мақсатында жасалған халықаралық актілерде осы әрекеттерге берілген анықтамадағы осындай қылмыстарды жасады деп топшылауға салмақты негіздер болса;
7) егер аталған адамға қатысты ол Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін оның шегінен тысқары жерлерде саяси емес сипаттағы ауыр қылмыс жасады деп топшылауға салмақты негіздер болса;
8) егер аталған адамға қатысты ол Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын Біріккен Ұлттар Ұйымының және халықаралық ұйымдардың мақсаты мен қағидаттарына қайшы келетін әрекеттердің жасалуына кінәлі деген салмақты негіздер болса;
9) егер аталған адам Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасынан басқа, Біріккен Ұлттар Ұйымы органдарының немесе мекемелерінің қорғауын не көмегін пайдаланып отырса, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағымдар пошта арқылы жазбаша нысанда немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.
Шағымда көрсетілетін қызметті алушы оның тегін, атын, әкесінің атын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірін және күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
Қабылданған шағым ішкі істер органдарының жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін есепке алу журналдарында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат күні мен уақыты, шағымды/өтінішті қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен өтініш білдіре алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
13. Мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері:.
1) дене мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, ғимараттарға кіру пандустармен жабдықталған, күтуге арналған креслолар бар;
2) денсаулық жағдайына байланысты қызметті берушіге жеке өзі келу мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша шыға отырып жүргізеді.
14. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында «Iшкi iстер органдарының қызметi туралы» бөлiмде орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қолжетім