– Ұлы Жеңістің 65 жылдығы құрметіне эфир арқылы қазақ және орыс тілдерінде арнаулы репортаждарды сынақтан сәтті өткізген “Маңғыстау” радиосы әуе толқынына шықты. Араға алты жыл салып ауылдардағы тыңдармандардың талап-тілектеріне орай өмірге келген игі шара облыс әкімі Қ.Көшербаевтың тапсырмасы мен көмегі арқылы жүзеге асты, – деді “Қазақстан-Ақтау” телеарнасының директоры Талғат Тайшанов.
Сөйтіп, “Маңғыстау радиосы” қазақ радиосының FM 100,1 толқыны арқылы аптаның дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін хабар тарата бастады. Әзірге Ақтаудан 100 шақырым жерге дейін жететін облыстың радио хабарларының өрісін кеңейту алдағы күндердің еншісіндегі маңызды мәселе болмақшы.
Жоламан БОШАЛАҚ, АҚТАУ.