• RUB:
    5.01
  • USD:
    523.58
  • EUR:
    549.71
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Шілде, 2022

Abai IT-Valley – озық ойлардың ордасы

583 рет
көрсетілді

Семейде Abai IT-Valley технокластері ашылды. Мұнда IT саласының дарынды жастары Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Astana Hub халықаралық технопаркінің қолдауы арқылы өздерінің тың жобаларын жүзеге асырады.

Заманауи орталықтың тех­нологиялық құ­рал-жаб­дық­тармен жарақталған. Abai IT-Valley рези­денттері қазірдің өзінде виртуалды 3D-зертха­на, балабақшаларға арналған ұсақ мото­­риканы дамытатын 3D-ойыншықтар, NFT-крос­совкалары және агромайнинг бағытындағы жобаларды әзір­леп үлгерді.

Технологиялық кластердің жобалық ме­нед­жері Асхат Бейсембаевтың айтуынша, 3D-зертхана оқушылардың химия сынды пән­ге қызығу­шылығын оятып қана қоймай, нақты зертханалық жағдайда бақыланбайтын реак­цияларға байланысты тәуекелдер санын азайтуға септесуге тиіс.

«Мұндай 3D-кабинет қазір көп және өте танымал. Алайда химиялық зертхана – бұл бірін­ші кезекте инновация. Неге еке­ні белгісіз, осы мектеп пәні­мен әзірлеушілер өте аз жұмыс істейді», деді А.Бейсембаев.

Орталық өкілі айтқандай, Abai IT-Valley – өңірлік IT-қоғамдастық, мұнда ақпарат­тық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бі­лім­ді жетілдіруге басымдық бе­рілгендіктен бұл өзара іс-қимыл және әзірлемелерді іске асыру алаңы саналады. Таяу арада оның базасында егістік­ке арналған инвестициялар­дың корпоративтік қорын құру ­жоспарланып отыр. Оның ресурстары өңірдің перспекти­валы стартап-жобаларын да­мытуға бағытталады.

«Қазір өңірлерде IT саласын дамытуға бай­­ланысты ма­ңызды міндет тұр. Осын­дай клас­терлерді құру бұл жұ­мысты жандандырады. Енді өңірлік IT-мамандарда өздерінің әзір­лемелерін жа­сауға мүмкіндік беретін, қа­жетті құралдарымен жұмыс істеп, тәжірибе алмасатын, сол секілді жаңа нәрселерді мең­геруге жол ашатын алаң бар. IT-стартаптар өздерінің инновациялық идеялары мен жобаларын осын­да жүзеге асырады», деді Astana Hub-тың басқарушы директоры Абай Әбсамет.

Аталған жоба Alikhan Bokeikhan University базасында Цифрлық даму, иннова­ция­лар және аэроғарыш өнер­кә­­сі­бі министрлігінің, Astana Hub халықаралық технопаркінің, Ұлттық банктің Төлем және қаржылық технологиялар­ды дамыту орталығының, сон­дай-ақ бизнес-қоғамдастықтың қолдауымен құрылғанын айта кеткен орынды.

 

Абай облысы