• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
07 Мамыр, 2014

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы №815

287 рет
көрсетілді

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы Қаулы етемін: генерал-лейтенант әскери атағы: Жақсылықов Руслан Фатихұлына, Сапаров Оқас Базарғалиұлына; генерал-майор әскери атағы: Ашқаров Бейбіт Ысқақұлына, Жұмашев Жасұлан Қыдырғожаұлына, Мұқанов Нұржан Нұрланұлына, Уашпаев Марат Қамарянұлына, Хұсаинов Марат Рақымұлына; ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы: Әбіш Самат Сатыбалдыұлына, Елубаев Құрман Исламұлына, Қыдырбаев Нұрлан Сұлтанұлына; қаржы полициясы генерал-майоры арнаулы атағы Боданов Айвар Жиреншеұлына; сыртқы барлау генерал-майоры арнаулы атағы Омаров Руслан Ысқақұлына; полиция генерал-майоры арнаулы атағы: Жаппаров Мергенбай Баймендіұлына, Күдебаев Серік Мырзақұлұлына, Мәткенов Тілеген Советұлына; 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені: Зайтлер Степан Степановичке, Иманов Ибрагим Әлжанұлына, Қараманов Серік Сәдуақасұлына берілсін. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 6 мамыр.  №815