• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Медицина 15 Қыркүйек, 2022

Ел ішінде – медициналық пойыз

314 рет
көрсетілді

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы ел өңірлерін сәтімен аралап келеді. Жылжымалы құрам 2022 жылдың 11 қыркүйегінде Қостанай облысына барды. Онда өңірдің 9 шалғай ауылының тұрғындары жоғары білікті мамандардан кеңес алады.

«Саламатты Қазақстан» пойы­зы бірінші Қостанай облысы аума­­ғындағы Сарыкөл стансасы­на тоқтады. Дәрігерлер мұнда па­циент­терді 11-12 қыркүйек күн­де­рі қабылдады. Медицина қыз­меткерлері 13-14 қыркүйекте – Жаркөлде болса, 15-17 қыркүйекте – Тоғызақта, 18-19 қыркүйекте – Зааятта, 20-21 қыркүйекте – Қазан­басыда, 22-23 қыркүйекте – Қой­бағарда, 24-25 қыркүйекте – Ко­выльнаяда, 26-27 қыркүйекте Тасты-Талдыда және 24-25 қыр­кү­йекте Фурмановскийда болып, жер­­гілікті тұрғындарды қабыл­дай­ды.

Медициналық пойыздың дәрі­гер­­лері Солтүстік Қазақстан облы­сын­дағы жұмысын қорытын­ды­ла­ды. Мұнда алғашқы меди­ци­­налық және консульта­ция­лық көмекті 3 108 адам алды, олардың ішінде 402-сі – бала.

Дәрігерлердің айтуынша, сол­түс­тік­қазақстандық тұрғындарда көбіне ұйқы безінің кистасы, пульпа және периапикальді тіндердің аурулары, бүйрек және несепағар тастары, созылмалы обструктивті пиелонефрит, тұзды диатез аурулары анықталды. Статистикаға сәй­кес «Саламатты Қазақстан» по­йы­зының ең сұранысқа ие мамандары – хирург, құлақ, мұрын, көз және тіс дәрігері.

Акушер-гинеколог Гүлмира Бердали 2 айдан астам уақыт бойы медициналық пойызда қабылдау жүргізіп келеді. Осы уақыт ішінде ол үш облыстың шалғай ауылдарының тұрғындарына көмек көрсетті.

«Өкінішке қарай, ауылдарда тұратын әйелдер күнделікті тір­ліктен қол үзе алмағандықтан ги­не­ко­логке сирек барады. Маған 15-20 жыл бойы маманның қабыл­да­уында болмаған пациенттер келді. Ал гинекологиялық тексеру­ден жылына кемінде бір рет өту керек. Біз оларды тексереміз, ауруларын анықтаймыз. Кейде емдеу тәсілдерін өзіміз тағайындаймыз, ал қандай да бір жағдайларда облыс­тық ауруханаларға қосымша кеңес алуға жібереміз», деді дәрігер.

Осы мүмкіндікті пайдалана оты­рып, Гүлмира Бердали қазақс­тан­­дық­­тарға денсаулықты сақтау үшін ме­дициналық тексеруден жыл са­йын өту керегін еске салады.

Акушер-гинекологтен басқа ме­ди­циналық пойызда терапевт, педиатр, кардиолог, невропатолог, окулист, құлақ, мұрын және тіс дәрігері, хирург, уролог, маммолог сияқты мамандар жұмыс істейді.

«Біз барлық пациентті қабыл­дай­мыз – балалардан ересектерге дейін. Біздің мамандар бірлесе, жедел жұмыс істейді. Егер азаматтар денсаулығына байланысты біздің арнайы жабдықталған кабинеттерге көтеріле алмаса, онда пойыздың дәрігерлері оларға өздері түсіп, сол жерде сұрақтарын қояды», дейді «Саламатты Қазақстан» медици­на­лық пойызының жетекшісі Аман Қасенов.

Пойыз барлығы 67 стансаны жүріп өтеді. Қазіргі таңда дәрігерлер 40-тан астам ауылдың тұрғындарын тексерді.

Пойыздың құрамында жеті ма­ман­дандырылған вагон бар, олар­дың төртеуі – жабдықталған меди­ци­налық кабинет. Ол ультра­ды­быстық кабинет, зертхана, стома­то­­логиялық жабдықтар және тағы бас­қаларымен қамтылған. Екі ұйық­тай­тын вагон, бір мейрамхана және тағы бірі – пойызды үздіксіз энер­гия­­мен қамтамасыз ететін тех­ни­калық вагон бар.

Медициналық пойыздың маман­дарына тексерілуге кейбір тұр­ғын­дар отбасы болып келеді. Маха­сов­­тар отбасы дәрігерлерден кеңес алу үшін екі кішкентай баласымен келді.

«Біз бүгін хирург, УДЗ маманы, кардиолог және тіс дәрігеріне бардық. Дәрігерлер өте мұқият қа­рады. Біз тұрғындарға ауылдан шықпай-ақ, шаруашылығын тас­тамай-ақ тексеруге мүмкіндік берілгеніне қуаныштымыз», деп бөлісті жас ана Жайсан.

«Саламатты Қазақстан» пойызы осыған дейін Солтүстік Қазақ­стан облысынан бөлек, Ақмола облы­сы­ның стансаларына да қызмет көрсетті. Алайда бұл аймақта жұмыс әлі аяқталған жоқ, дәрігерлер бұл өңірге 4-9 қазан аралығында оралып, тағы 3 стансаның тұрғындарын тексереді.

Еске сала кетейік, «Саламатты Қазақстан» «Жәрдем» пойызымен бірге медициналық қызметке мұқ­таж шалғай стансалардың тұр­ғын­­дарына алғашқы меди­ци­налық-санитарлық және консультативті-диагностикалық көмек көрсетеді. Қазіргі уақытта «Жәрдем» меди­ци­налық пойызы Түркістан облы­сы­ның тұрғындарын қабылдап жатыр.

Жалпы, «Медициналық пойыз­дар» жобасы алғаш рет 2010 жылы іске қосылды және 2019 жылға дейін жыл сайын жүзеге асы­­рып келіп, пандемия кезінде үзіліс алды. Осы кезең аралығында «Ден­саулық», «Жәрдем» және «Са­ла­мат­ты Қазақстан» консуль­та­тив­ті-диагностикалық үш по­йыз Қа­зақ­­станның 1 700-ден астам шал­­ғай өңі­ріне барып, 488 880 тұр­ғын­ды қарады.

Медициналық пойыздардың қозғалыс кестесі туралы нақты ақпа­рат­ты жобаның www.medpoezd.kz ресми сайтынан немесе 8 7172 60 45 94, 8 701 206 15 40 нөмірлері арқылы, сондай-ақ @medpoezd.kz Instagram парақшасынан білуге болады.

Жоба Samruk-Kazyna Trust әлеу­меттік жобаларды дамыту қо­ры­­ның қаржылық қолдауымен және Денсаулық сақтау министр­лі­гінің қатысуымен, «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ жанындағы «Әлеу­меттік жобалар қоры» корпо­ра­тивтік қорымен бірлесіп жүзеге асқанын айта кеткіміз келеді.