• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Оқиға 21 Қыркүйек, 2022

Алматы – Петропавл бағытындағы пойыз вагоны өртенді

378 рет
көрсетілді

Вагондардың бірінен шыққан өрт салдарынан пойыз шұғыл тоқтауға мәжбүр болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алматы – Петропавл бағытындағы пойызда жолаушылар вагонынан бөлек, техникалық вагон да бар. Өрт сол техикалық вагоннан шықты», деп жазылған «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, бүгін таңғы сағат 4:27-де Алматы-Петропавл бағытындағы №105 жолаушылар пойызы «Қарағанды-Астана» учаскесінде шұғыл тоқтаған еді. Пойызда 184 жолаушы болған.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жол жүру құжаттарына сәйкес, жолаушыларды межелі орындарына жеткізуді ұйымдастыру мәселелерімен айналысып жатыр.

Тергеу жүргізу үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ комиссиясы құрылды.