• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Қазан, 2022

Еліміздің барлық елді мекенінде таза су қолжетімді болуға тиіс – Президент

317 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев павлодарлықтармен кездесуінде ауылдағы ағайынды таза сумен қамту көрсеткіші 55-тен 94 пайызға дейін өскені туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Биыл аймақта осындай 19 жоба жүзеге асырылып жатыр. Әкімдік келесі жылы құны 14 миллиард теңге болатын тағы 39 жобаны қолға алуды ұсынып отыр. Осыған орай, Үкіметке қаржы бөлуді тапсырамын. Жалпы, еліміздің барлық елді мекенінде таза су қолжетімді болуға тиіс», деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында 5 жылдың ішінде қалалар мен ауылдарды 100 пайыз сумен қамтамасыз етуді тапсырғанын еске салды.