• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Мамыр, 2010

“БАЛАМ!” ДЕЙТІН БАСШЫ ҮЛГІСІ

597 рет
көрсетілді

Соңғы жылдары облыста білім беру саласын қаржылан­дыру көлемі ұлғайып, метеп­тердің материалдық-техникалық базасы нығая түсті. Әсіресе, соңғы 3 жылда облыстағы 117 мектептің лингофондық, мульти­медиялық және 92 биология, физика, химия кабинеттері зама­науи қажетті құралдармен жаб­дық­талды. 138 мектепке 690 интерак­тив­ті тақта орнатылды. Мектеп­тер­дің дені күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізілді. Жыл сайын жаңа мектептер пайдалануға беріліп жатыр. “Алмақтың да салмағы бар”, мемлекет қамқорлығына жам­был­­дық ұстаздар мен оқушылар сапалы білім, саналы тәрбиемен жауап бе­ру­де. Өткен жылы облыс орталы­ғын­дағы №№14, 8 және 45 мектеп-гимназиялары мен “Дарын” мек­теп-интернаты, “Айша бибі” атын­дағы қазақ-түрік қыздар лицейі республика бойынша ең үздік 100 мектептің қатарына қосылды. Жақында облыс әкімі Қанат Бозымбаев жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен респуб­ли­калық, халықаралық олимпиа­далар мен ғылыми жоба жа­рыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қабылдады. Олармен бірге А.Са­ды­қова, А.Ниязбекова, Ш.Өсерова сияқты мектеп директорлары мен ұлағатты ұстаздар да болды. Облыс әкімінің құрметіне бөленген 44 оқушының 21-і биыл мектеп бітірмекші. Олардың арасында қазірдің өзінде кейбір жоғары оқу орындарының білім гранттарына ие болғандар да бар. Баку қаласында жуырда ғана болып өткен халықаралық Менделеев олимпиадасының алтын медалін иеленіп қайтқан Ж.Серімбетов, А.Ша­хи­задаев та облыс мектептері­нің мақтаныштары. Әкімнің қабылдауында болған үздік оқушылар ноутбук, компью­тер сияқты бағалы сыйлықтарға ие болды. “Балам” деп басынан си­пап, бауырына тартатын басшысы бар елдің үлгісі, міне, осындай бо­лады. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, Жамбыл облысы. АКЦИЯ АТЫ: “БІЗ БІРГЕ БИІК ШЫҢДАРҒА ЖЕТЕМІЗ!” Білім және ғылым министрлі­гі­нің бас­та­масымен Тараз қала­сын­дағы  Қазақ­стан­ның  тұңғыш Пре­зи­денті саябағында “Біз бірге биік шыңдарға жетеміз” атты акция бо­лып өтті. Оған “Жасыл ел” жастар еңбек жасағы, “Қазақстан ауыл жас­тары” ҚБ, “Жам­был облысы ауыл жастары одағы” корпо­ра­тив­тік қоры, облыс әкімдігінің ішкі сая­сат басқармасы, “Азаматтар альян­сы” облыстық жастар ұйым­дары қауым­дастығының өкілдері атсалысты. Акцияның мақсаты жастарды өңірдегі экологиялық мәселелерді шешудің жол­дарын бірге қарастыру мен жасөспірімдерге экологиялық тәлім-тәрбие беру болып табылады. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл”. Жо­ғары оқу орындарының студент­тері мен лицей және мектеп оқу­шылары, сондай-ақ облыстық жастар ұйымдары акция барысында жалынды сөздерін үлгілі істерімен дәлелдеп, тұңғыш Президент сая­бағына жүздеген көшеттер отыр­ғызды. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, Жамбыл облысы.