2013 жылғы 20 қараша, Астана қаласы
«Теңіз кемесін пайдалану» кәсіби стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған «Теңіз кемесін пайдалану» кәсіби стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Кадр және әкімшілік жұмыс департаменті (Е.Е. Хасенов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А.ЖҰМАҒАЛИЕВ.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушысы
_____________ Қ. ӘБСАТТАРОВ
2013 жылғы 4 қараша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 20 қарашадағы №916 бұйрығымен бекітілген
«Теңіз кемесін пайдалану» кәсіби стандарты
1. Жалпы бөлім
1. «Теңіз кемесін пайдалану» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) «Теңіз және жағалау жолаушы көлігі», «Теңіз және жағалау жүк көлігі» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:
1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;
2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;
3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.
2. КС негізгі пайдаланушылары:
1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.
3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.
4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлері бойынша жүктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;
3) еңбек заттары – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталған зат;
4) еңбек құралдары – жұмысшының еңбек заттарын бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдар;
5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіктердің тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;
6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі;
7) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіліктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;
9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;
11) лауазым – лауазымдық уәкілеттіктер және лауазымдық міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;
12) міндет – нақты бір еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;
13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;
14) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
16) функционалдық карта – сол немесе өзге де кәсіби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.
2. КС паспорты
5. КС паспорты мынаны анықтайды:
1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы):
Экономикалық қызмет түрінің жалпы жіктегіші (бұдан әрі – 03-2007 ҚР МЖ) «50.1 Теңіз және жағалау жолаушы көлігі», «50.2 Теңіз және жағалау жүк көлігі»;
2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты:
әуе көлігімен тасымалдауға жататын қызметті қамтамасыз ету;
3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері.
3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптің) карточкалары
1-параграф «Капитанның төртінші көмекшісі»
6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4, СБШ бойынша – 4;
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі – ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: жоқ;
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: штурмандық вахтаның вахта офицері;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - кеме операцияларын басқару және пайдалану деңгейінде кемедегі адамдарды өз құзыреті шегінде күту;
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. «Капитанның төртінші көмекшісінің» еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 1-кестесінде келтірілген.
2-параграф «Капитанның үшінші көмекшісі»
7. Еңбек қызметі түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4, СБШ бойынша – 4;
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: жоқ;
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: штурмандық вахтаның вахта офицері;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - кеме операцияларын басқару және пайдалану деңгейінде кемедегі адамдарды өз құзыреті шегінде күту;
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. «Капитанның үшінші көмекшісінің» еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» 2-кестесінде келтірілген.
3-параграф «Капитанның екінші көмекшісі»
8. Еңбек қызметі түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4, СБШ бойынша – 4;
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: жоқ;
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: штурмандық вахтаның вахта офицері;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - кеме операцияларын басқару және пайдалану деңгейінде кемедегі адамдарды өз құзыреті шегінде күту;
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. «Капитанның екінші көмекшісінің» еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» 3-кестесінде келтірілген.
4-параграф «Капитанның аға көмекшісі»
9. Еңбек қызметі түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4, СБШ бойынша – 4;
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: жоқ;
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: штурмандық вахтаның вахта офицері;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - пайдалану деңгейінде жүктерді арту және түсіру, кеме операцияларын басқару және пайдалану деңгейінде кемедегі адамдарды өз құзыреті шегінде күту;
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. «Капитанның аға көмекшісінің» еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» 4-кестесінде келтірілген.
4. КС бірліктерінің тізбесі
10. КС бірліктерінің тізімі осы КС 3-қосымшасының 1 - 4-кестелерінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.
5. КС бірліктерінің сипаттамасы
11. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасының 1 - 4-кестелерінде келтірілген.
6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
12. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.
13. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында көзделген КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес анықталады.
7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркелуі
14. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.
15. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген.
«Теңіз кемесін пайдалану» кәсіби стандартына 1-қосымша
Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері
№
р/с Қызмет түрінің атауы Еңбек нарығының үрдісі ескерілген кәсіп атауы ҚР МЖ 01-2005 сәйкес кәсіп атауы СБШ-ның біліктілік деңгейлері БТБА бойынша дәрежелер
1 Капитанның төртінші көмекшісі Капитанның төртінші көмекшісі - 4 -
2 Капитанның үшінші көмекшісі Капитанның үшінші көмекшісі - 4 -
3 Капитанның екінші көмекшісі Капитанның екінші көмекшісі - 4 -
Капитанның аға көмекшісі Капитанның аға көмекшісі - 5 -
Ескертпе: БТБА – Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы.
«Теңіз кемесін пайдалану» кәсіби стандартына 2-қосымша
1-кесте
1. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Капитанның төртінші көмекшісінің еңбек жағдайларына, біліміне мен жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Теңіз көлігінің ұйымдары
Зиянды және қауіпті еңбек шарты Сырғанау, тайғақ беттер, бөліктердің немесе материалдардың еркін қозғалуы (құлау, домалау, сырғанау, түсу, тербелу), жанғыш және жарылыс қауіпті заттар, электр магниттік сәулелену, шу, діріл, жоғары және төмен температура және ылғалдылық, ауыр жұмыс (қарқындық, ырғақсыз, біркелкілік, және т.б.), қолайсыз ауа-райы жағдайлары (қар, ыстық, және т.б.), суда жұмыс істеу
Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше шарттары Теңізшілерді дайындау және дипломдау, және вахта жұмысын атқару туралы Халықаралық Конвенцияға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік актілеріне, Қазақстан Республикасының кемелердегі қызмет Жарғысына сәйкес
СБШ біліктілік деңгейі Кәсіби білімі мен оқу деңгейі СБШ біліктілік деңгейі
4 Кеме жүргізу саласында техникалық және кәсіптік білім туралы құжат.
Оқу бағдарламаларының орындалуын растайтын құжаттар немесе жүзу өтілі кем дегенде 12 ай болғандығын растайтын анықтамалар, соның ішінде кем дегенде вахта көмекші-машықтанушысының міндеттерін немесе капитанның, димломды маманның немесе практиканың тәжірибелі басшысының басқаруымен, жалпы сыйымдылығы 500 және одан жоғары болатын өздігінен жүзетін кемелерде практикант міндетінің орындалуын растайтын анықтамалар. АБҒТЖ-ң шектеулі аймағы операторының дипломы немесе АБҒТЖ операторының дипломы. Қауіпсіздік бойынша бастапқы дайындықтан өту туралы куәлік.
Маманның құтқару шлюпкалары мен салдар және кезекші шлюпкалар бойынша дайындықтан өтуі туралы куәлік. Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күреске дайындықтан өту туралы куәлік.
Алғашқы медициналық жәрдем көрсету бойынша дайындықтан өту туралы куәлік.
Радиолокациялық станцияны пайдалану бойынша дайындықтан өту туралы куәлік. Автоматтық радиолокациялық төсем жүйелерін пайдалану бойынша дайындықтан өту туралы куәлік (АРТЖ пайдалану бойынша дайындық туралы куәлік болмаған жағдайда, диплом «АРТЖ-сыз» шектеумен беріледі.
Электрондық картографиялық навигациялық ақпараттық жүйені пайдалану бойынша дайындықтан өту туралы куәлік. (ЭКНАЖ пайдалану бойынша дайындықтан өту туралы куәлік болмаған жағдайда, диплом «ЭКНАЖ-сыз» шектеумен беріледі).
Қорғау бойынша дайындықтан өту туралы куәлік Жүзу өтілі кем дегенде 12 ай, соның ішінде кем дегенде вахта көмекші- машықтанушысының міндеттерін немесе капитанның, димломды маманның немесе практиканың тәжірибелі басшысының басқаруымен, жалпы сыйымдылығы 500 және одан жоғары болатын өздігінен жүзетін кемелерде практикант міндетінің орындау
2-кесте
2. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Капитанның үшінші көмекшісінің еңбек жағдайларына, біліміне мен жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Теңіз көлігінің ұйымдары
Зиянды және қауіпті еңбек шарты Сырғанау, тайғақ беттер, бөліктердің немесе материалдардың еркін қозғалуы (құлау, домалау, сырғанау, түсу, тербелу), жанғыш және жарылыс қауіпті заттар, электр магниттік сәулелену, шу, діріл, жоғары және төмен температура және ылғалдылық, ауыр жұмыс (қарқындық, ырғақсыз, біркелкілік, және т.б.), қолайсыз ауа-райы жағдайлары (қар, ыстық, және т.б.) суда жұмыс істеу
Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше шарттары Теңізшілерді дайындау және дипломдау, және вахта жұмысын атқару туралы Халықаралық Конвенцияға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік актілеріне, Қазақстан Республикасының кемелердегі қызмет Жарғысына сәйкес
СБШ біліктілік деңгейі Кәсіби білімі мен оқу деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі
4 Кеме жүргізу саласында техникалық және кәсіптік білім туралы құжат.
Оқу бағдарламаларының орындалуын растайтын құжаттар немесе жүзу өтілі кем дегенде 12 ай болғандығын растайтын анықтамалар, соның ішінде кем дегенде вахта көмекші- машықтанушысының міндеттерін немесе капитанның, димломды маманның немесе практиканың тәжірибелі басшысының басқаруымен, жалпы сыйымдылығы 500 және одан жоғары болатын өздігінен жүзетін кемелерде практикант міндетінің орындалуын растайтын анықтамалар. АБҒТЖ-ң шектеулі аймағы операторының дипломы немесе АБҒТЖ операторының дипломы. Капитанның вахта көмекшісін дайындау бағдарламасы бойынша теңіз саласында білім беру мекемесінде дайындықтан өту туралы куәлік. Қауіпсіздік бойынша бастапқы дайындықтан өту туралы куәлік.
Маманның құтқару шлюпкалары мен салдар және кезекші шлюпкалар бойынша дайындықтан өтуі туралы куәлік. Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күреске дайындықтан өту туралы куәлік.
Алғашқы медициналық жәрдем көрсету бойынша дайындықтан өту туралы куәлік.
Радиолокациялық станцияны пайдалану бойынша дайындықтан өту туралы куәлік. Автоматтық радиолокациялық төсем жүйелерін пайдалану бойынша дайындықтан өту туралы куәлік (АРТЖ пайдалану бойынша дайындық туралы куәлік болмаған жағдайда, диплом «АРТЖ-сыз» шектеумен беріледі.
Электрондық картографиялық навигациялық ақпараттық жүйені пайдалану бойынша дайындықтан өту туралы куәлік. (ЭКНАЖ пайдалану бойынша дайындықтан өту туралы куәлік болмаған жағдайда, диплом «ЭКНАЖ-сыз» шектеумен беріледі).
Қорғау бойынша дайындықтан өту туралы куәлік Жүзу өтілі кем дегенде 12 ай, соның ішінде кем дегенде вахта көмекші- машықтанушысының міндеттерін немесе капитанның, димломды маманның немесе практиканың тәжірибелі басшысының басқаруымен, жалпы сыйымдылығы 500 және одан жоғары болатын өздігінен жүзетін кемелерде практикант міндетінің орындау
3-кесте
3. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Капитанның екінші көмекшісінің еңбек жағдайларына, біліміне мен жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Теңіз көлігінің ұйымдары
Зиянды және қауіпті еңбек шарты Сырғанау, тайғақ беттер, бөліктердің немесе материалдардың еркін қозғалуы (құлау, домалау, сырғанау, түсу, тербелу), жанғыш және жарылыс қауіпті заттар, электр магниттік сәулелену, шу, діріл, жоғары және төмен температура және ылғалдылық, ауыр жұмыс (қарқындық, ырғақсыз, біркелкілік, және т.б.), қолайсыз ауа-райы жағдайлары (қар, ыстық, және т.б.), суда жұмыс істеу.
Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше шарттары Теңізшілерді дайындау және дипломдау, және вахта жұмысын атқару туралы Халықаралық Конвенцияға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік актілеріне, Қазақстан Республикасының кемелердегі қызмет Жарғысына сәйкес
СБШ біліктілік деңгейі Кәсіби білімі мен оқу деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі
4 Кеме жүргізу саласында техникалық және кәсіптік білім туралы құжат.
Оқу бағдарламаларының орындалуын растайтын құжаттар немесе жүзу өтілі кем дегенде 12 ай болғандығын растайтын анықтамалар, соның ішінде кем дегенде вахта көмекші- машықтанушысының міндеттерін немесе капитанның, димломды маманның немесе практиканың тәжірибелі басшысының басқаруымен, жалпы сыйымдылығы 500 және одан жоғары болатын өздігінен жүзетін кемелерде практикант міндетінің орындалуын растайтын анықтамалар. АБҒТЖ-ң шектеулі аймағы операторының дипломы немесе АБҒТЖ операторының дипломы. Капитанның вахта көмекшісін дайындау бағдарламасы бойынша теңіз саласында білім беру мекемесінде дайындықтан өту туралы куәлік Қауіпсіздік бойынша бастапқы дайындықтан өту туралы куәлік.
Маманның құтқару шлюпкалары мен салдар және кезекші шлюпкалар бойынша дайындықтан өтуі туралы куәлік. Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күреске дайындықтан өту туралы куәлік.
Алғашқы медициналық жәрдем көрсету бойынша дайындықтан өту туралы куәлік.
Радиолокациялық станцияны пайдалану бойынша дайындықтан өту туралы куәлік. Автоматтық радиолокациялық төсем жүйелерін пайдалану бойынша дайындықтан өту туралы куәлік (АРТЖ пайдалану бойынша дайындық туралы куәлік болмаған жағдайда, диплом «АРТЖ-сыз» шектеумен беріледі.
Электрондық картографиялық навигациялық ақпараттық жүйені пайдалану бойынша дайындықтан өту туралы куәлік. (ЭКНАЖ пайдалану бойынша дайындықтан өту туралы куәлік болмаған жағдайда, диплом «ЭКНАЖ-сыз» шектеумен беріледі).
Қорғау бойынша дайындықтан өту туралы куәлік Жүзу өтілі кем дегенде 12 ай, соның ішінде кем дегенде вахта көмекші- машықтанушысының міндеттерін немесе капитанның, димломды маманның немесе практиканың тәжірибелі басшысының басқаруымен, жалпы сыйымдылығы 500 және одан жоғары болатын өздігінен жүзетін кемелерде практикант міндетінің орындау.
4-кесте
4. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Капитанның аға көмекшісінің еңбек жағдайларына, біліміне мен жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Теңіз көлігінің кәсіпорындары мен ұйымдары
Зиянды және қауіпті еңбек шарты Сырғанау, тайғақ беттер, бөліктердің немесе материалдардың еркін қозғалуы (құлау, домалау, сырғанау, түсу, тербелу), жанғыш және жарылыс қауіпті заттар, электр магниттік сәулелену, шу, діріл, жоғары және төмен температура және ылғалдылық, ауыр жұмыс (қарқындық, ырғақсыз, біркелкілік, және т.б.), қолайсыз ауа-райы жағдайлары (қар, ыстық, және т.б.), суда жұмыс істеу.
Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше шарттары Теңізшілерді дайындау және дипломдау, және вахта жұмысын атқару туралы Халықаралық Конвенцияға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік актілеріне, Қазақстан Республикасының кемелердегі қызмет Жарғысына сәйкес
СБШ біліктілік деңгейі Кәсіби білімі мен оқу деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі
5 Кеме жүргізу саласында жоғары кәсіптік білім алу туралы құжат.
Капитанның аға көмекшісі дипломы.
АБҒТЖ операторы дипломы.
Капитанның вахта көмекшісі лауазымында кем дегенде 18 ай жүзгендігі туралы анықтама, соның ішінде жалпы сыйымдылығы 500 және одан жоғары болатын кемелерде, алдыңғы бес жылда кем дегенде 12 ай жүзгендігі туралы анықтама.
Капитанның аға көмекшілерін дайындау бағдарламасы бойынша теңіз саласында білім беру мекемесінде дайындықтан өту туралы куәлік
Қауіпсіздік бойынша бастапқы дайындықтан өту туралы куәлік.
Маманның құтқару шлюпкалары мен салдар және кезекші шлюпкалар бойынша дайындықтан өту туралы куәлік.
Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күреске дайындықтан өту туралы куәлік.
Алғашқы медициналық жәрдем көрсету бойынша дайындықтан өту туралы куәлік.
Медициналық күтім бойынша дайындықтан өту туралы куәлік.
Радиолокациялық станцияны пайдалану бойынша дайындықтан өту туралы куәлік. Кемеде дайындықтан өткен, дайындықтың мақұлданған бағдарламасының бөлігі ретінде, кемеде кем дегенде 12 ай мақұлданған жұмыс өтілі болуы және дайындықты тіркеудің мақұлданған кітапшасында құжатпен расталуы керек, немесе кемеде кем дегенде 36 ай мақұлданған жұмыс өтілі болуы шарт
Автоматтық радиолокациялық төсем жүйелерін пайдалану бойынша дайындықтан өту туралы куәлік (АРТЖ пайдалану бойынша дайындық туралы куәлік болмаған жағдайда, диплом «АРТЖ-сыз» шектеумен беріледі).
Электрондық картографиялық навигациялық ақпараттық жүйені пайдалану бойынша дайындықтан өту туралы куәлік (ЭКНАЖ пайдалану бойынша дайындықтан өту туралы куәлік болмаған жағдайда, диплом «ЭКНАЖ-сыз» шектеумен беріледі).
Қорғау бойынша дайындықтан өту туралы куәлік
Ескертпе:
АБҒТЖ - Апат кезінде және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін байланыстың ғаламдық теңіз жүйесі;
ЭКНАЖ - электрондық картографиялық навигациялық ақпараттық жүйе;
АРТЖ - автоматтық радиолокациялық төсем жүйесі.
«Теңіз кемесін пайдалану» кәсіби стандартына 3-қосымша
КС бірліктерінің тізімі
1-кесте
«Капитанның төртінші көмекшісі» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі
Шифр Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы
1 Ф Кеме операцияларын басқару және пайдалану деңгейінде кемедегі адамдарды өз құзыреті шегінде күту
2-кесте
2. «Капитанның үшінші көмекшісі» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі
Шифр Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы
1 Ф Кеме операцияларын басқару және пайдалану деңгейінде кемедегі адамдарды өз құзыреті шегінде күту
3-кесте
3. «Капитанның екінші көмекшісі» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі
Шифр Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы
1 Ф Кеме операцияларын басқару және пайдалану деңгейінде кемедегі адамдарды өз құзыреті шегінде күту
4-кесте
«Капитанның аға көмекшісі» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі
Шифр Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы
1 Ф Пайдалану деңгейінде жүктерді арту және түсіру
2 Ф Кеме операцияларын басқару және пайдалану деңгейінде кемедегі адамдарды өз құзыреті шегінде күту
Ескертпе: Ф – функция.
«Теңіз кемесін пайдалану» кәсіби стандартына 4-қосымша
КС бірліктерінің сипаты
1-кесте
1. «Капитанның төртінші көмекшісі» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифрі Еңбек заттары Еңбек құралдары Міндеттер Шеберлігі мен дағдылары Білімі
1 А З 1.1: Кемедегі рөлдерді, кеден декларацияларын, жолаушылар тізімін және басқа да жедел құжаттаманы құру Кеме іс қағаздарын жүргізу бойынша нұсқаулық Жедел құжаттама Кемедегі рөлдерді, кеден декларацияларын, жолаушылар тізімін ж
не басқа да жедел құжаттаманы құру дағдылары Кеме кеңсесін жүргізу бойынша нұсқаулықты білу
З 1.2: Кеменің келуін және кетуін ресімдеу Кеме іс қағаздарын жүргізу бойынша нұсқаулық Тізімдемелер Кеменің келуін және кетуін ресімдеу дағдылары Кеме кеңсесін жүргізу бойынша нұсқаулықты білу
З 1.3: Кемеге, машинаға және басқаларға қатысты журналдарды алу және тіркеу Кеме іс қағаздарын жүргізу бойынша нұсқаулық Журналдар Кемеге, машинаға және басқаларға қатысты журналдарды тіркеу дағдылары Кеме кеңсесін жүргізу бойынша нұсқаулықты білу
З 1.4: Экипаждың тізімдік құрамын, жұмыс уақытын, лауазымдық орын ауыстырулар есебін енгізу, демалыс графиктерін құру Кеме іс қағаздарын жүргізу бойынша нұсқаулық Есеп журналы, графика Экипаждың тізімдік құрамын, жұмыс уақытын, лауазымдық орын ауыстырулар есебін енгізудің демалыс графиктерін құру дағдылары Кеме кеңсесін жүргізу бойынша нұсқаулықты білу
2-кесте
2. «Капитанның үшінші көмекшісі» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифрі Еңбек заттары Еңбек құралдары Міндеттер Шеберлігі мен дағдылары Білімі
Ф 1 З 1-1 Навигациялық және кәсіпшілік карталарды, жүзуге арналған құралдарды және түзету құжатта-масыну ақытылы алу, сақтау және есепке алу Есепке алу жүйесі.
Карталар мен құралдар номенклатурасы Навигациялық және кәсіпшілік карталар, жүзуге арналған құралдар және түзету құжаттамасы Навигациялық және кәсіпшілік карталармен, жүзуге арналған құралдармен және түзету құжаттамасымен, карталармен және жүзуге арналған басқа құралдармен жұмыс істеу дағдылары
Карталар мен құралдарға түзету жүргізу дағдылары Навигациялық және кәсіпшілік карталарды, жүзуге арналған құралдарды және түзету құжаттамасын, карталарды және басқа құралдарды іріктеу тәртібін білу
З 1-2 Кемеге келіп түсетін навигациялық, гидрометео-рологиялық және кәсіпшілік ақпараттың есебін жүргізу Кемелік және навигациялық журналдар Навигациялық және кәсіпшілік карталар, жүзуге арналған құралдар және түзету құжаттамасы Кемелік және вахталық журналдарды жүргізу дағдылары Алынған ақпаратты пайдалану алгоритмін білу
З 1-3 Рөлдік және штурман рубкаларын, өз меңгеруіндегі аспаптар мен құралдардың барлық радионавига-циялық жабдықтарының дұрыс жұмыс істеуін, дұрыс пайдаланылуын және уақытылы жөнделуін қамтамасыз ету. Техникалық құжаттаманы жүргізу Техникалық құжаттама Рөлдік және штурман рубкаларын, өз меңгеруіндегі аспаптар мен құралдарды радионави-гациялық жабдықтау. Техникалық құжаттама Рөлдік және штурман рубкаларының барлығының радионавигациялық жабдықтарының дұрыс пайдаланылуын және уақытылы жөнделуін, хронометрдің түзетілуін анықтауды, кеме сағатын салыстырып тексерілуін, техникалық құжаттаманы жүргізудің бақылау дағдылары Пайдаланы-латын құрылғылар мен аспаптардың барлық түрлерінің міндеті, жіктелуі, құрылғысының схемасы, сипаттамасы, жұмыс принципі және техникалық пайдаланылуы
З 1-4 Хронометрдің түзетілуін анықтау, кеме сағатын салыстырып тексеру (тәулік сайын) Хроно-метрлер журналы Хронометр, кеме сағаттары Хронометрдің түзетілуін анықтаудың, кеме сағатын салыстырып тексерудің (тәулік сайын) тәртібін және рәсімдерін білу Хронометр-дің, кеме сағатының міндеті, жіктелуі, құрылғы схемасы, сипаттамасы, жұмыс принципі және техникалық пайдаланылуы
З 1-5 Кемеде девиациялық жұмыстардың уақытылы жасалуын бақылау Девиация кестелері Магниттік компастар Кемеде девиациялық жұмыстардың жүргізілу алгоритмін білу Магниттік компастар-дың міндеті, жіктелуі, құрылғысының схемасы, сипаттамасы, жұмыс принципі және техникалық пайдаланылуы, магниттік компастар-дың қалдық девиациясын анықтауды және жоюды білу
З 1-6 Пиротехникалық құралдарды алу, ауыстыру және тиісті түрде сақтау МК СОЛАС - 74. Пиротех-никалық құралдарды пайдалану және сақтау бойынша нұсқаулықтар Пиротехникалық құралдар Пиротехникалық құралдарға есеп жүргізу және оларды сақтау дағдылары Пиротехника-лық құралдардың міндеті және оларды сақтау тәртібі
З 1-7 Өз меңгеруіндегі аспаптар мен құралдарды пайдалану бойынша матростармен сабақтар және жаттығулар жүргізу Өз меңге-руіндегі аспаптар мен құралдар. Пайдалану бойынша нұсқаулықтар, әдістемелік ұсыныстар және басқалары Қызметкерлердің біліктілігі Өз меңгеруіндегі аспаптар мен құралдарды бойынша матростармен сабақтар және жаттығулар жүргізу дағдылары Өз меңгеруінд-егі аспаптар мен құралдардың міндеті, жіктелуі, құрылғысының схемасы, сипаттамасы, жұмыс принципі және техникалық пайдаланылуы
3-кесте
3. «Капитанның екінші көмекшісі» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифрі Еңбек заттары Еңбек құралдары Міндеттер Шеберлігі мен дағдылары Білімі
Ф 1 З 1.1 Жүк операцияларын, әсіресе жеңіл тұтанатын және жарылыс қауіпті жүктермен операцияларды жүзеге асырған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерінің, сондай-ақ улы және басқа қауіпті заттарды тасымалдау ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету. Кеменің орнықтылығы және суға батпайтындығы туралы ақпарат. Кеме қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар (кеме орнықтылығын арттыру және кеменің теңіз әрекетінен жалпы қорғалуын қамтамасыз ету). Жүктеу және балласттау ережелері. Қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша Халықаралық ережелер, кодекстер талаптары және ұсыныстар.
Дайындаушы зауыттан кемеге берілген техникалық құжаттама Кеменің орнықтылығы және суға батпайтындығы туралы ақпарат. Кеме қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар (кеме орнықтылығын арттыру және кеменің теңіз әрекетінен жалпы қорғалуын қамтамасыз ету). Жүктеу және балласттау ережелері. Қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша Халықаралық ережелер, кодекстер талаптары және ұсыныстар.
Дайындаушы зауыттан кемеге берілген техникалық құжаттама Штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде шешім қабылдау Кеменің орнықтылығы және суға батпайтындығы туралы ақпарат. Кеме қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар (кеме орнықтылығын арттыру және кеменің теңіз әрекетінен жалпы қорғалуын қамтамасыз ету). Жүктеу және балласттау ережелері. Қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша Халықаралық ережелер, кодекстер талаптары және ұсыныстар.
Дайындаушы зауыттан кемеге берілген техникалық құжаттама
З 1.2 Трюмдердің санитарлық жағдайын бақылау және рефри-жераторлық трюмдер мен жүк орынжай-ларындағы температурлық режимнің ұсталуын бақылау Теңіз кемелерін техникалық пайдалану ережелері, трюмдер мен жүк орынжайларының жағдайына қойылатын талаптар. Дайындаушы зауыттан кемеге берілген техникалық құжаттама Теңіз кемелерін техникалық пайдалану ережелері, трюмдер мен жүк орынжайларының жағдайына қойылатын талаптар. Дайындаушы зауыттан кемеге берілген техникалық құжаттама Орынжайлардың, жүк құрылғыларының техникалық жағдайларына тексеру жүргізу дағдылары Теңіз кемелерін техникалық пайдалану ережелері, трюмдер мен жүк орынжайларының жағдайына қойылатын талаптар. Дайындаушы зауыттан кемеге берілген техникалық құжаттама
З 1.3 Льялолардың, құдықтардың, мойындардың, қабылдау торларының, желдету жүйелерінің және басқа құрылғылардың, жүк орынжайларының жағдайын міндетті түрде, жүкті қабылдар алдында, кеме журналына жазып алып, жүйелі түрде тексеру. Теңіз кемелерін техникалық пайдалану ережелері, трюмдер мен жүк орынжайларының жағдайына қойылатын талаптар. Дайындаушы зауыттан кемеге берілген техникалық құжаттама Теңіз кемелерін техникалық пайдалану ережелері, трюмдер мен жүк орынжайларының жағдайына қойылатын талаптар. Дайындаушы зауыттан кемеге берілген техникалық құжаттама Орынжайлардың, жүк құрылғыларының техникалық жағдайларына тексеру жүргізу дағдылары Теңіз кемелерін техникалық пайдалану ережелері, трюмдер мен жүк орынжайларының жағдайына қойылатын талаптар. Дайындаушы зауыттан кемеге берілген техникалық құжаттама
З 1.4 Арту-түсіру жұмыстарының механизациясы мен трюм ішілік механизацияның кеме құралдарының техникалық дұрыс жұмыс істеуінің қамтамасыз етілуін бақылау Теңіз кемелерін техникалық пайдалану ережелері, трюмдер мен жүк орынжайларының жағдайына қойылатын талаптар. Дайындаушы зауыттан кемеге берілген техникалық құжаттама Теңіз кемелерін техникалық пайдалану ережелері, трюмдер мен жүк орынжайларының жағдайына қойылатын талаптар. Дайындаушы зауыттан кемеге берілген техникалық құжаттама Жүк операцияларын ұйымдастыру және бақылау жүргізу дағдылары Теңіз кемелерін техникалық пайдалану ережелері, трюмдер мен жүк орынжайларының жағдайына қойылатын талаптар. Дайындаушы зауыттан кемеге берілген техникалық құжаттама
З 1.5 Трюмдердің, танктердің және басқа жүк орынжайларының дұрыс ашылуын және жабылуын бақылау. Оларды жабар алдында онда адамның жоқ екендігін бақылауһйды, жүк орынжайларын мөрлеу кезінде қатысады және пломбалардың бұзылмаушы-лығын тексереді Теңіз кемелерін техникалық пайдалану ережелері, трюмдер мен жүк орынжайларының жағдайына қойылатын талаптар. Дайындаушы зауыттан кемеге берілген техникалық құжаттама Теңіз кемелерін техникалық пайдалану ережелері, трюмдер мен жүк орынжайларының жағдайына қойылатын талаптар. Дайындаушы зауыттан кемеге берілген техникалық құжаттама Жүк орынжайларын мөрлеу, жүктерге пломбалау жүргізу дағдылары Теңіз кемелерін техникалық пайдалану ережелері, трюмдер мен жүк орынжайларының жағдайына қойылатын талаптар. Дайындаушы зауыттан кемеге берілген техникалық құжаттама
З 1.6 Трюмдердің өртке қарсы жабдықтарының жағдайын бақылау Теңіз кемелерін техникалық пайдалану ережелері, трюмдер мен жүк орынжайларының жағдайына қойылатын талаптар. Дайындаушы зауыттан кемеге берілген техникалық құжаттама Теңіз кемелерін техникалық пайдалану ережелері, трюмдер мен жүк орынжайларының жағдайына қойылатын талаптар. Дайындаушы зауыттан кемеге берілген техникалық құжаттама Өртке қарсы жабдықтардың, орынжайлардың, жүк құрылғыларының техникалық жағдайларына тексеру жүргізу дағдылары Теңіз кемелерін техникалық пайдалану ережелері, трюмдер мен жүк орынжайларының жағдайына қойылатын талаптар. Дайындаушы зауыттан кемеге берілген техникалық құжаттама
4-кесте
4. «Капитанның аға көмекшісі» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифрі Міндеттер Еңбек құралы Еңбек мәні Біліктері мен дағдылары Білімі
Ф 1 З 1.1 Жүк жоспарын әзірлеу және кейіннен оны кеме капитанының бекітуі Кеменің орнықтылығы және суға батпайтындығы туралы ақпарат.
Кеме қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар (кеменің орнықтылығын арттыру және кеменің теңіз әрекеттерінен жалпы қорғалуын қамтамасыз ету), жүктеу және балласттау ережелерін білу. Қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша Халықаралық ережелер, кодекстер талаптар және ұсыныстар.
Дайындаушы зауыттан кемеге берілген техникалық құжаттама Арту Жүк жоспарын құра білу. Жүктің сипаттамаларын, оның қасиеттерін талдау Кеменің орнықтылығы және суға батпайтындығы туралы ақпаратты білу.
Кеме қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды және кеменің теңіз әрекеттерінен жалпы қорғалуын қамтамасыз ету бойынша шараларды, жүктеу және балласттау ережелерін білу. Қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша Халықаралық ережелер, кодекстер талаптар және ұсыныстарды білу.
Дайындаушы зауыттан кемеге берілген техникалық құжаттама
З 1.2 Жүктердің тиісті түрде орналастырылуын және салынуын, қауіпті жүктерді теңізбен тасымалдау ережелерінің орындалуын, сондай-ақ қабылданатын жүк құрылғысының техникалық жағдайын, сұйық зат таситын кемелердегі жүк танктіренің тазалағын бақылау Кеменің орнықтылығы және суға батпайтындығы туралы ақпарат.
Кеме