2014 жылғы 21 мамыр, Астана, Үкімет Үйі
Ветеринария саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекіту туралы
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған ветеринария саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 мамырдағы №515 қаулысымен бекітілген
Ветеринария саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағалары
Р/с
№ Жануарлардың аса қауіпті ауруларын диагностикалық зерттеулердің атауы Бір зерттеудің бағасы (ҚҚС-сыз теңгеде)
1 2 3
1. Бруцеллезге диагностикалық зерттеулер
1) бруцеллезге сынауға арналған комплементті байланыстыру реакциясы (оның ішінде титрация, гемотоксиндігі, бақылау, антикомплементарлық, вакуумдық қан алу жүйесі) 220
2) бруцеллезге сынау үшін Роз-Бенгал реакциясы 72
3) бруцеллезге сынау үшін агглютинация реакциясын қайта қою 84
4) бруцеллезге сынау үшін комплементті байланыстыру реакциясын қайта қою 199
2. Бруцеллезге сынау үшін иммуноферментті талдау (бруцеллез иммуноферментті талдау, вакуумдық қан алу жүйесі) 734
3. Қошқардың жұқпалы эпидидимитіне диагностикалық зерттеулер
1) ұрықтандырушы қошқардың жұқпалы эпидидимитіне сынау үшін комплементті ұзақ байланыстыру реакциясы (жұқпалы эпидидимитіне комплементті ұзақ байланыстыру реакциясы, оның ішінде титрация) 193
2) ұрықтандырушы қошқардың жұқпалы эпидидимитіне сынау үшін комплементті ұзақ байланыстыру реакциясын қайта қою 254
4. Қойдың хламидиоздық (энзоотикалық) іш тастауына диагностикалық зерттеулер
1) қойдың хламидиоздық (энзоотиялық) іш тастауына сынау үшін иммуноферментті талдау 1345
2) қойдың хламидиоздық (энзоотиялық) іш тастауына сынау үшін комплементті байланыстыру реакциясы (оның ішінде гитрация) 803
5. Аусылға диагностикалық зерттеулер (иммунитеттің қауырттылығын анықтау)
1) аусылдың вирусына иммунитет қауырттылығын сынау үшін иммунофертментті талдау (аусыл, иммунитет қауырттылығы вакуумдық қан алу жүйесі) 1790
2) комплементті байланыстыру реакциясымен аусыл вирусына иммунитеттің қауырттылығын сынау (аусыл, иммунитет қауырттылығы, комплементті байланыстыру реакциясы оның ішінде титрация, вакуумдық қан алу жүйесі) 1212
6. Аусылдың вирусына құрылымсыз белоктарды сынау үшін иммуноферментті талдау 446
7. Лейкозге сынау үшін иммунодиффуздық реакциясы 216
8. Лептоспирозга сынау үшін микроагглютинация реакциясы 251
9. Листериозға сынау үшін комплементті байланыстыру реакциясы (комплементті байланыстыру реакциясы, оның ішінде титрация) 393
10. Жылқының инфекциялық анемиясына сынау үшін диффуздық преципитациялау реакциясы 624
11. Жылқының эпизоотиялық лимфангоитін сынау үшін комплементті ұзақ байланыстыру реакциясы (оның ішінде титрация, қайта қою) 346
12. Пастереллезге бактериологиялық сынау (оның ішінде бөлінген микрофлоралардың антибиотиктерге сезімталдығын талдау) 4 364
13. Туберкулезге сынауға арналған бактериологиялық зерттеу 4176
14. Ірі қара малды қарасанға сынау үшін бактериологиялык зерттеу 3 693
15. Брадзотқа сынау үшін бактериологиялық зерттеу 3 693
16. Қойдың анаэробтық энтеротоксемиясына сынау үшін бактериологиялық зерттеу 5 799
17. Кампилобактериозға сынау үшін бактериологиялық зерттеу 3 878
18. Листериозға сынау үшін бактериологиялық зерттеу 4 218
19. Бруцеллезге сынау үшін бактериологиялық зерттеу, полимеразды тізбектеу реакциясы 12 644
20. Сібір жарасына сынау үшін бактериологиялық зерттеу, полимеразды тізбектеу реакциясы 7 244
21. Құтыруға сынау үшін диффузиялық преципитация реакциясы, иммунды люминесценттік төте микроскопия әдісі, вирусологиялық зерттеулер (құтыру диффузиялық треципитация реакциясы, иммунды люминесценттік төте микроскопия әдісі, вирусологиялық зерттеу) 17004
22. Етқоректілер обасына сынау үшін иммуноферментті талдау 2 959
23. Жылқының ринопнемониясына сынау үшін иммуноферментті талдау 4 002
24. Ұсақ қара малдың күліне сынау үшін диффузды преципитация реакциясы 2 177
25. Ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясына сынауға арналған иммуноферментті талдау 21 248
26. Құстардың жоғары патогенді тұмауына сынауға арналған иммуноферментті талдау, полимеразды тізбектеу реакциясы 4 110
27. Токсоплазмозға сынау үшін комплементті байланыстыру реакциясы (токсоплазмоз, комплементті байланыстыру реакциясы, оның ішінде титрация, қайта қою) 1 276
28. Блутангке сынау үшін иммуноферментті талдау 376
29. Паратуберкулезге сынау үшін иммуноферментті талдау 417
30. Вирустық диареяға сынау үшін иммуноферментті талдау 598
31. Инфекциялық ринотрахеитке сынау үшін иммуноферментті талдау 1 059
32. Шмалленберг ауруына сынау үшін иммуноферментті талдау 1351