• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Бизнес 19 Қазан, 2022

Кәсіпкерге – мемлекеттік қолдау

543 рет
көрсетілді

Бизнесті мемлекеттік қолдау кәсіпкерлік секторды ынта­ландыруға мүмкіндік береді. «Даму» қорының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры Олег Пак қордың кәсіпкерлерді қаржылық қолдау нәтижелері туралы айтты.

2022 жылдың 10 айында өңірде ұлттық жоба бағдарламасы аясында кредиттеу бойынша 11,2 млрд теңгеге 284 субсидиялау шарты жасалған. 252 кәсіпкер ұлттық жоба бағдарламасы аясында қол қойылған кепілдік шарттарының 3,6 млрд теңге сома­сына кепілдік алды.

Жуырда журналистер түрлі қызмет көрсету салаларында бизнес-идеяларды жүзеге асыратын үш кәсіпорынға барып, кәсіп­керлердің мемлекет­тік бағ­дар­ламаларды қалай пайдалан­ғандарымен танысты. Алғашқы сапар «Медея Север» ЖШС болды. Мекемеде емделушілерге қажетті медициналық көмектің барлық кешенін заманауи жаб­дықтармен қамтамасыз ете­тін жоғары білікті мамандар жұ­мыс істейді. Компания 2021 жы­лы «Даму» қорына инвес­ти­ция­­ларға жеңілдікті несие алу үшін жүгінген. Жобаны банк­те ма­құл­дағаннан кейін «Даму» қоры жобаны субсидияла­ды. Жал­пы, кре­дит бойынша­ сый­ақы мөл­шер­­ле­месі 14,75%-ды құ­­рай­ды, оның ішін­де кә­сіп­к­ер тек 6%-ын тө­лей­­ді, ал айыр­­ма­шы­лық­ты «Даму» қоры суб­си­диялай­ды. Несие бо­йынша қосымша ке­піл ретін­де қор­дың несие сомасы­ның 49% ке­пілдігі берілді.

Ал «Регион 715» ЖШС мектептер мен кеңселерге арналған заманауи жиһаз өндірумен айналысады. Кәсіпорын жиһаздың стандартты емес түрлерімен, жарқын және ерекше дизайны­мен ерекшеленеді. Мектеп жиһаз­дарынан басқа, үй жиһаз­дарын өндіреді. Сонымен қатар Loft стиліндегі заманауи жиһаздарды да шығарады. 2020 және 2022 жылдары кәсіпорынның айналым қаражатын толықтыруға ар­нал­ған кредитін «Даму» қоры субсидиялады. Кәсіпкер үшін мөлшерлеме жылдық 6%-ды құрады, ал айырмашылықты «Даму» қоры төлейді. Сондай-ақ несиелеу бағдарламасы аясында 43% кепілдік берілді. Мұндағы қордың мақсаты – айналым қаражатын толықтыру.

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»

 

Үшінші кәсіпорын – «AVAGRO» ЖШС. Бұл – Қазақ­стан мен Сібірдің астық егетін өңірлерінде жоғары тиімділікпен жұмыс істеу үшін арнайы жоба­ланған, ауыл шаруашылығы штан­галық бүріккіштерін шыға­руға маманданған өндірістік ком­пания. Өндірістік өнімнің негізгі түрлеріне  сыйымдылығы 2 500 литр болатын AVAGRO-tt25xx типті тіркеме бүріккіштер,  сыйымдылығы 4 мың литрлік AVAGRO-tt40xx типті тіркеме бүріккіштер және ГАЗ-66, «Садко», КамАЗ және т.б. авто­­мо­бильдер базасындағы сы­йым­дылығы 2 500 литр болатын AVAGRO-МК25хх типті өздігі­нен жүретін бүріккіштер жатады.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ – кәсіпкерлікті қолдау шараларының негізгі операторы және интеграторы. Қордың бағдарламалары 3 негізгі бағыт бойынша іске асады: кәсіпкерлер үшін қаржы­лан­дыру көлемін ұлғайту және қолжетімділігін арттыру; кәсіп­керлікті әртараптандыруға жә­не оның индустриялық-инно­ва­ция­лық дамуына жәрдемдесу. Сондай-ақ ісін жаңа бастаған кәсіпкерл­ерді оқыту және ШОБ кәсіп­орындарының топ-менедж­менті, шетелдік тағылым­дама­лар, сервистік және ақпарат­тық қолдау негізінде ШОБ субъек­ті­лерінің кәсібилігін арттыру.

«Даму» қорының бағдар­ламасы бойынша 544 жобаға 5,56 млрд теңге бөлсе, оның ішінде 422 жобаға микрокредит бо­йынша 2,5 млрд теңге кепілдеме бөлінді. Ішінара кепілдік беру шарттары бойынша кәсіпкерлер қар­жылай қамтамасыз ету жетіс­пеген жағдайда қажетті жоба­лық сомаға дейін қосымша қар­жы­ландыруға немесе «Даму» қоры­ның кепілдігі есебінен қарыз сомасын ұлғайтуға мүмкіндігі бар.

 

ПЕТРОПАВЛ