• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
27 Мамыр, 2014

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы № 12-1/14

286 рет
көрсетілді

2014 жылғы 13 қаңтардағы,  Астана қаласы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттiк қызметшiлерінiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк сапаларына қойылатын талаптарды арттыру мақсатында бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті (Ж.Е. Аманбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Министр А. МАМЫТБЕКОВ.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 13 қаңтар № 12-1/14 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруа­­­шылығы министрлігі мемлекеттік қызмет­шілерінің қызмет этикасының қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Респуб­ликасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» (бұдан әрі – Ар-намыс кодексі) Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Жарлығының 2-тармағына, «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Респуб­­­ликасының Заңына және «Сыбайлас жемқор­лықпен күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет саласындағы және сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңнама) сәйкес әзірленген. 2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашы­­­­­лығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік), ведомстволары және оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік қызмет­­­шілерінің (бұдан әрі – Министрліктің мемле­кеттік қызмет­шілері) өздерінің қызметт­ік міндеттерін орындау бары­сындағы, әріптес­терімен және азаматтармен өзара қарым-қаты­настардағы негізгі мінез-құлық нормаларын айқындайды. 3. Министрліктің мемлекеттік қызметшілері өз қызметінде: 1) заңдылық қағидатын, Қазақстан Респуб­ликасы Конституциясының, мем­ле­кеттік қызмет саласындағы Қа­зақ­стан Республикасының заңдары мен өзге де норма­тив­тік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алғаны; 2) адалдық, тәртіптілік, жауапкершілік, белсенділік, бастамашылық танытқаны және келіссөздер (кездесулер) барысында басқа адамдарға шыдамдылық, сыпайылық, әдептілік және құрмет танытқаны; 3) шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатынасына, сеніміне, тұрғылықты жеріне және өзге де мән-жайларға қарамастан, адамның және азаматтың ары мен қадір-қасиетін сыйлағаны; 4) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал еткені, мемлекеттік және басқа да тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарағаны; 5) адал, әділ, қарапайым болғаны, жалпы қа­­былданған моральдық-этикалық нормаларды сақ­тағаны, азаматтармен және әріптестермен қарым-қатынаста сыпайылық және әдептілік танытқаны; 6) ұжымның стратегиялық мақсаттар мен мін­деттерге қол жеткізудегі біртұтастығына ықпал еткені; 7) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттырғаны; 8) өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмағаны, сын үшін қудалауға жол бермегені, орынды сынды кемшіліктерді жою және өзінің қызметін жақсарту үшін пайдаланғаны; 9) өзінің міндеттерін тиісті орындағаны, жұмысын нақты қалыптасқан жағдайды ескере отырып, ұйымдастырғаны және жоспарлағаны; 10) жұмыс уақытын тиімді пайдаланғаны және ұжым­­дағы басқа мемлекеттік қызмет­шілердің еңбек міндеттерін орындауына кедергі келтіретін іс-әрекеттерді жасамағаны; 11) қызметтік субординацияны сақтағаны; 12) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамта­масыз еткені, автокөлік құралдарын қоса алғанда, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта пайдаланғаны; 13) Қазақстан Республикасының, мемлекеттік биліктің және Министрліктің беделін түсіруге ықпал ететін іс-әрекеттерді жасамағаны; 14) өзінің қызметтік міндеттерін атқару барысында іскерлік киім стилін ұстанғаны; 15) мемлекеттік қызметшілердің өздерінің функциялары мен міндеттерін атқару кезіндегі бастамашылығын қолдағаны және көтермелегені; 16) мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу бойынша шараларды қабылдағаны; 17) осы Қағидалардың талаптарын бұзу фак­тіле­ріне қағидатты түрде ден қойғаны, айып­тының жауапкершілігімен қатар өзінің жеке жауапкершілігі туралы мәселені қоюға дайын болғаны жөн. 4. Министрліктің мемлекеттік қызметшілері Ар-намыс кодексінде белгіленген сыбайлас жем­қорлыққа қарсы мінез-құлықты сақтағаны жөн. Егер Министрліктің мемлекеттік қызмет­шісінің өзінің қызметтік міндеттерін атқару барысында сыбайлас жемқорлықпен ұштасатын немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы дәйекті ақпараты болатын болса, мемлекеттік қызмет саласындағы және сы­бай­лас жемқорлықпен күресу туралы заңна­мада белгіленген шараларды қабылдауы қажет. 5. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызмет мәселелері туралы өзінің пікірін көпшілік алдында білдірмегені жөн, егер ол: 1) мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін болса; 2) жария етуге рұқсат берілмеген қызметтік құпияны ашатын болса; 3) мемлекеттің лауазымды тұлғаларының, басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепке сай емес сөздер қамтылатын болса. 6. Министрліктің мемлекеттік қызметшілері реттелетін салаларда тексерулерді жүзеге асыру кезінде: 1) тексерісті әділ және объективті өткізгені; 2) тексерілетін субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтағаны; 3) тексеруге әсер етуі мүмкін тексерілетін субъектілердің өкілдерімен өзара қарым-қатынас жасамағаны жөн. 7. Министрлікте мемлекеттік қызмет және еңбек саласындағы Қазақстан Респуб­ли­касының заңнамасында белгіленген жағдай­ларды қоспа­ғанда, кадрлық шешімдерді қабыл­дау кезінде мем­лекеттік қызметшілерді кемсі­тудің кез келген түрі­не, сондай-ақ протек­ционизмнің, жекелеген мем­лекеттік қызмет­шілерге жасалатын артық­шы­лық пен же­ңілдіктердің кез келген түріне жол берілмейді. 8. Қызметтік уақыттан тыс кезде Министрліктің мемлекеттік қызметшілері: 1) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануы, қоғамға қарсы мінез-құлыққа жол бермеуі; 2) қоғамдық жағымсыз резонанс тудыратын іс-әрекеттерге жол бермеуі, өзінің беделіне нұқсан келтіретін мінез-құлықтан қалыс қалуы; 3) Министрліктің қызметкері жоғары атағына кір кел­тіретін кез келген жеке байланыстардан аулақ болуы қажет. Қызметтен тыс қарым-қатынастарда Министр­ліктің мемлекеттік қызметшілері осы Қағидалардың талаптарын және мемлекеттік қызмет саласындағы және сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы күрес туралы заңнаманы сақ­тағаны және Министрліктің мемлекеттік қыз­метшісінің беделін, қадір-қасиетін түсі­ретін немесе оның адалдығына, әділдігіне, объек­тивтiлiгi мен алаламаушылығына күмән туғы­затын барлық нәрседен аулақ болғаны жөн. ––––––––––––––––––– Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 12 ақпандағы Нор­мативтік құқықтық ке­лісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9138 болып енгізілді.