• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Оқиға 03 Қараша, 2022

Қарағанды ​​облысындағы шахтада төрт кенші қаза тапты

505 рет
көрсетілді

Бүгін түнде Қарағандыдағы Ленин атындағы шахтада апат болып, төрт кенші қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

3 қараша күні сағат 03:03-те «Арселор Миттал Теміртау» АҚ көмір департаментіне қарасты Ленин атындағы шахтада апат болды. Оқиға кезінде шахтада 106 қызметкер болған. Оның 101-і жер бетіне көтерілген, 5 адам қалып қойған.

«4 шахта жұмысшысының қаза тапқаны анықталды. Олар Шахтинск қаласының орталық ауруханасына жатқызылды», деп хабарлады әкімдік.

Оқиға орнына компания басшылығы, облыс және қала әкімі барды. «Көмір» жедел-құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр.