• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Президент 11 Қараша, 2022

Қ.Тоқаев: Самарқанд – Түркі әлемінің мақтанышы

549 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінің отырысында сөз сөйлеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Түркі мемлекеттері ұйымының осы кезекті басқосуы аса маңызды деп ойлаймын. Қатысып отырғаныма ризамын. Ең алдымен, осы іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, зор қонақжайлық көрсетіп, жылы қарсы алған Өзбекстан Президенті, қадірменді Шавкат Миромонович Мирзиёевке ерекше алғыс айтамын. Жиынымыз Түркі әлемінің мақтанышы – көне Самарқанд шаһарында өтіп жатыр. Бұл қала тарихи тамыры терең өркениет ошағы ретінде бүкіл әлемге танымал. Самарқанд қаласы Жібек жолының алтын көпірі екенін барша түркі халықтары мойындаған», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Айта кетейік, осы киелі жерде Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалық ету құқығы Өзбекстан Республикасына беріледі. Қазақстан Президенті Өзбекстан тарапы бұл міндетті абыроймен атқаратынына сенім білдірді.