• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Мамыр, 2014

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бұйрығы №08-1-1-1/70

309 рет
көрсетілді

2014 жылғы 11 наурыз, Астана қаласы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу тұжырымдамасының нысанын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 2-2-бабы 1-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу тұжырымдамасының нысаны бекітілсін. 2. Халықаралық құқық департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Е. ЫДЫРЫСОВ. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 08-1-1-1/70 бұйрығымен бекітілген Нысан Халықаралық шартты жасасу тұжырымдамасы ___________________________________________________ (жасалуы ұсынылып отырған халықаралық шарттың атауы) № Тұжырымдамада көрсетілуі тиіс мәліметтер тізбесі Мемлекеттік ор- ганның ақпараты 1. Халықаралық шартты жасасуды ұсынып отырған мемлекеттік орган (бастама шетелдік мемлекет немесе халықаралық ұйым тарапынан көтерілген жағдайда – атап өту қажет) 2. Халықаралық шарт жасасу көзделіп отырған шетелдік мемлекет (мемлекеттер) және/немесе халықаралық ұйым (халықаралық ұйымдар) (халықаралық шартқа қосылған жағдайда халықаралық шартқа қатысушылардың тізбесін қоса беру қажет) 3. Жасасуға ұсынылып отырған халықаралық шарттың реттеу нысанасы 4. Жасасуға ұсынылып отырған халықаралық шарттың мақсаттары 5. Халықаралық шартты жасасудың орындылығының негіздемесі 6. Халықаралық шарт жасалған жағдайда оны іске асырудан күтіліп отырған нәтиже (әлеуметтік, қаржы-экономикалық, құқықтық, өзге де мүмкін болатын нәтиже) 7. Халықаралық шартты жасасудың болжалды мерзімдері 8. Халықаралық шарттың күшіне енуіне қажетті мемлекетішілік рәсімдерді өткізудің болжалды мерзімдері 9. Халықаралық шарт жасасылған жағдайда оны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар 10. Қатысушысы Қазақстан Республикасы және халықаралық шартты жасасу көзделіп отырған шетелдік мемлекет (мемлекеттер) болып табылатын реттеу нысанасы ұқсас басқа да халықаралық шарттардың болуы (соның ішінде халықаралық ұйымдар шеңберінде) Мемлекеттік органның бірінші басшысы ___________/ ________________ қолы қолдың толық жазылуы __________ күні Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 11 сәуірдегі Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9318 болып енгізілді.