Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде “Ғылымды дамыту мәселелерін заңмен реттеу туралы” атты тақырыпқа арналған дөңгелек үстел болып өтті.
Оны “Нұр Отан” ХДП жанындағы Құқық кеңесі мен Еуразия ұлттық университеті бірлесіп өткізді. Шараның мақсаты – “Ғылым туралы” заң жобасын талқылауға арналды. Ғылымның еліміздегі одан әрі дамуын ескерген талқылауға қатысушылар жаңа жобаға қоғамдық негіздегі сараптама жасап, оның тиімділігін арттыру бағытында көптеген ұсыныстар мен пікірлер айтылды.
Дөңгелек үстелге Парламент депутаттары, Білім және ғылым министрлігінің басшылары, “Нұр Отан” ХДП Парламентаризм институтының өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты.
Жақсыбай САМРАТ.