• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Мамыр, 2014

Игорь Шувалов: «Қазақстан – экономикалық тұрғыда қуатты мемлекет»

253 рет
көрсетілді

АСТАНА. 29 мамыр. Қазақстан – қарқынды дамып келе жатқан, әлеуеті күшті, экономикалық қуаты мығым мемлекет. Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов осылай деді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Игорь Шувалов: «Бүгінде Қазақстан – серпінді дамып келе жатқан, үлкен беделі және әлеуеті бар, экономикалық тұр­ғы­дан қуатты мемлекет. Синер­ге­тикалық тиімділіктің есебінен біздің ресурс­тарымыз бен рыноктарымызды қосудың нәтижесі ресейліктер үшін де нақты білі­нетін болады», – деді. Оның айтуынша, қазіргі кезде әлем бойынша мемлекеттік тә­уел­сіздік пен егемендікті эконо­микалық интеграциялық бір­лестіктерге қатыса отырып сақ­таудың жалпы сұлбасы жап-жақсы пысықталған. Сондықтан, Ресей жағы еліміздің бұл мәселелердегі көзқарасына ұқ­сас қағидаттарды ұстанады. Жолдыбай Базар. Дереккөз: egemen.kz. Фото: egemen.kz.