• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Сайлау 20 Қараша, 2022

Сайлаушылар белсенділік танытады деп ойлаймын – халықаралық байқаушы

269 рет
көрсетілді

ТМД Парламентаралық Ассамблеясы кеңесі хатшылығының басшысы – Бас хатшы Дмитрий Кобуцкий миссия байқаушылары күні бойы жұмыс істейтінін жеткізді, деп жазады Egemen.kz.

Халықаралық байқаушыларға арналған қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингке қатысқан Дмитрий Кобуцкий саяси додада ел тұрғындары ерекше белсенділік көрсетеріне сенімді.

«Біздің сарапшылар сайлау процесін реттейтін барлық заңнаманы қарап шықты. Ешқандай бұзушылық анықталған жоқ. Ұйымның құқықтық қорытындысын Парламенттің қос палатасына және Орталық сайлау комиссиясына бердік. Сайлауды реттеуге қатысты дүниелердің бәрі Қазақстанның заңнамасында көрініс тапқан», деді Дмитрий Кобицкий.

Ол миссия байқаушылары еліміздің көптеген облысында және 13 мемлекетте күні бойы жұмыс істейтінін жеткізді.

«Күні бойы көрген дүниеміздің бәрін қорытынды құжатқа жазатын боламыз. Кешкілік барлық топ оны бекітіп, ертең Орталық сайлау комиссиясында баспасөз мәслихатын өткіземіз. Онда сайлаудың алдын ала қорытындыларынан кейін ұйымның қорытындымызды жария етеміз», деді ол.