• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Маусым, 2014

Одақтың басты негізі – экономика

368 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпус үшін Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылу қорытындысына арналған брифинг өткізді. Қазақстан жағынан шара­ға, сондай-ақ, Экономика және бюд­жеттік жоспарлау, Индус­трия және жаңа технологиялар министрліктерінің өкілдері қа­тысты. Үстіміздегі жылдың 29 мамы­рында Астанада Жоғары Еу­­ра­­зиялық экономикалық ке­ң­ес­тің мемлекет басшылары деңгейіндегі басқосуы өтіп, оның барысында Қазақстан Рес­пуб­ликасының, Беларусь Рес­пуб­ликасының және Ресей Феде­ра­циясының президенттері Еура­зиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойғаны белгілі. Дипломатиялық корпус өкіл­­­­дері алдында сөз сөйлеген Е.Ыдырысов ЕАЭО-ның өз жұ­мысын 2015 жылдың 1 қаң­тары­­нан бастайтынын хабарлай келіп, Одақтың халықаралық құ­қықтық субъектіге ие өңірлік эко­номикалық ұйым ретінде құры­лып отырғанын атап көр­сет­ті. Яғни, әуел бастан-ақ ЕАЭО-ның басты негізі эконо­мика екені нақтыланды, деді Қа­зақ­стан сырт­қы саясат ведомство­сының басшысы. Осы орайда, құрылып отыр­ған біртұтас 170 миллион адам­дық нарықтың орасан зор эконо­микалық әлеуеті атап айтыла келіп, интеграция үдерісінің оған қатысушылар үшін де, сырт­тағы әріптестері үшін де пай­далы екендігі көлденең тартылды.  Атап айтқанда, Қазақ­стан үшін Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберіндегі интеграциялық үдерістер жалпы тауар айналымын арттыру тұрғысынан келгенде айтарлықтай тиімділік әкелгендігі мәлімделді. Мәселен, сауда-саттық көлемі 2009 жылы 72 млрд. доллар құраса, бұл көр­сеткіш 2013 жылы 133 млрд. долларға жеткен. Бұған қоса, ЕАЭО қызметімен байланысты 2030 жылға қарай жаңа Одаққа қатысушы мемлекеттердің ішкі жалпы өнім көлемінің артуы 25 пайызды құрайтын болады. Жаңа бірлестіктің жаңа мүше­лерді қабылдауға дайын­ды­ғы тұрғысынан оның ашық сипатта екендігі де назардан тыс қалған жоқ. Бұл қатысушы мемлекеттер үшін басқа елдермен тығыз экономикалық ынтымақтастықты дамытуын жалғастырып, жаңа келісімдер жасасу үшін де тиімді болып табылады. Сонымен қатар, үсті­міздегі жылы Қазақстанның Дү­ние­жүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруге нық қадам басу­ға ұм­ты­лыс танытатыны қуат­талды. Қазақстан сыртқы саясат ведом­ст­восының басшысы бри­фингке қатысушыларды бола­шақ Одақтың құрылымдары туралы да жан-жақты құлағдар етті. Бұған дейін жұмыс істеген Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік органдарының арқауын­да Жоғары кеңес (мемлекет басшылары деңгейінде), Үкімет­ара­лық кеңес (үкімет басшылары деңгейінде), Еуразиялық эко­номикалық комиссия (Кеңес және Алқа), Еуразиялық эконо­мика­лық одақ соты сияқты органдар құрылатын болады, деді Е.Ыдырысов. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, сон­дай-ақ, болашақ Одақтағы ше­шім қабылдау механизмін де тү­сін­діріп берді. Барлық шешімдер Жоғары кеңес, Үкіметаралық кеңес, сонымен қатар, Комиссия кеңесі (Кеңес құрамына үкімет басшыларының орынбасарлары кіреді) деңгейлерінде тек қана консенсус негізінде қа­былданады. Комиссия алқа­сы­ның шешімдері Алқа мүше­лері­нің жалпы санының үштен екісінің басым дауысымен қа­был­данады. Оның үстіне, Шарт­та Алқа консенсустық не­гіз­де шешім қабылдайтын бар­лық мәселелердің тізімін Жо­ғары кеңес айқындайтыны нақ­тыланған. Жоғары және үкі­мет­аралық кеңестердің өкілет­тіктерінде төменгі тұрған ор­ган­дардың, оның ішінде, Ке­ңес­тің және Комиссия алқа­сы­ның шешімдерінің күшін жою мүмкіндігі қарастырылған, деді Е.Ыдырысов. Шартта Одақтың тұрақты жұ­мыс істейтін құрылымдық бөлім­шелерінің басшылығында қатысушы мемлекеттердің теңдей өкілдік ету қағидаты бекітілген. Департаменттер директорлары мен Комиссиядағы олардың орынбасарлары лауа­зымына, сондай-ақ, Хатшы­лық басшысы мен оның орын­ба­сарлары және Одақ Соты кеңес­шілері қызметіне үміткерлер конкурстық негізде тараптардың тең­дей өкілеттілігі қағидаты ес­­керіле отырып іріктеледі. Бар­­­лық қалған қызметкерлер Одақ ор­гандарындағы басқа лауа­зым­дарға ЕАЭО-ға қатысушы ел­дер­дің оны қаржыландырудағы үлестік мөлшері есепке алына отырып, мүше мемлекеттер азаматтарының арасынан конкурстық негізде іріктеп алынады, деді Қазақстан Сыртқы істер министрі. Е.Ыдырысов, сондай-ақ, брифингке қатысушылардың назарын Шарт бойынша мү­ше елдердің барлығының мемле­кеттік тілдерін пайдалану қа­рас­тырылып отырға­нына аударды. Мәселен, деді ол, тараптардың заңды және жеке тұл­ғаларына Комиссияға мем­ле­­кеттік тіл­дерде қайырылуға мүм­­­кіндік беретін норма енгізіліп отыр. Бұған қоса, Шартқа агроөнер­кәсіп кешені, өнеркәсіп, еңбек миграциясы, валюта саясаты, қаржы нарықтарын реттеу, бә­се­келестік саясаты, табиғи мо­нополия, қыз­мет көрсетулер жә­­не инвестициялар саудасы, салық­тар және салық салу, сырт­қы сауда саясаты, макро­эко­­номикалық саясат, энерге­тика сияқты бағыттар бойын­ша бө­лімдер енгізілгені атап көрсе­тілді. Тараптар аталған бағыт­тар­дың көпшілігі бойынша қазірдің өзінде БЭК қалыптастыру шең­берінде қол жеткізілген уағда­лас­тықтарды бекітіп үлгерді. Бұдан бөлек, төрт еркіндік – тауар­лар қоз­ғалысы, қызмет көрсе­тулер, қар­жы және жұмыс күшінің арсеналдары, міндет­тері мен мақ­сат­тарына қол жет­кізудің тетіктері айтар­лықтай жаңарды, деді сөзінің қоры­тындысында Қа­зақстан сырт­қы саясат ведомствосының басшысы. Мүдделілік танытылған әң­гіме барысында шет мемле­кеттердің елшілері Қазақ­стан өкілдерінен басқа мемле­кеттердің ЕАЭО-ға кіру перспективалары мен мер­зімі, ЕАЭО-ға кірудің оның мүше­лерінің экономикалық рейтингіне ықпалы, Одақтың басқарушы ор­гандарының географиялық орна­ласуы, ұлттық мемлекеттік тіл­дердің ЕАЭО жұмысында пай­даланылуы және де басқа көп­теген осы сияқты сұрақтарға ег­жей-тегжейлі жауаптар алды. Сәулебек БІРЖАН.