• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Маусым, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №521

377 рет
көрсетілді

2014 жылғы 21 мамыр, Астана, Үкімет Үйі «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 600-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде: 7 және 7-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «7. Осы Ереженің 10-1 және 11-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың бекітілген не нақтыланған жылдық жоспарының негізінде ғана қабылдайды. 7-1. Тапсырыс беруші тиісті бюджеттің (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстар сметасының) негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді және бекітеді. Тапсырыс беруші мәліметтері мемлекеттік құпияларды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жеке жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджетті (бизнес-жоспарды, кірістер мен шығыстар сметасын) бекіткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді және ол мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс: 1) қосылған құн салығын есепке алмағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін жылдар бойынша үш жылдық кезеңге бөлінген соманы қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығына сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы. Тиісті бюджетте бекітілген сома болмаған жағдайда, болжамды сома көрсетіледі; 2) Заңның 4-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімдері; 3) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері және орны; 4) Заңның 37-бабында көзделген жағдайларда бөлінген және әрбір қаржы жылына көзделген сома шегінде кестеге сәйкес және жылдар бойынша бөле отырып, тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 79-бабының 2-тармағы екінші бөлігі­нің 2-1) тармақшасында көзделген жағдайларда осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақша­ларында көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді тапсырыс беруші мемле­кет­тік сатып алудың жылдық жоспарында бекітеді. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу­дың жылдық жоспарын Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 153-бабының 7-тарма­ғын орындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді. Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28) және 33-1) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына енгізуге жатпайды.»; мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын: «10-1. Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28) және 33-1) тармақшаларына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қоспағанда, бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.»; 13-тармақтың үшінші бөлігі алынып тасталсын; 16-тармақтың 1), 2) және 5) тармақшалары алынып тасталсын; 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «17. Осы Ереженің 15-тармағына сәйкес ұйымдастырушыны не осы Ереженің 16-тармағының 3) және 4) тармақшаларында айқындалған бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны (бұдан әрі – бірыңғай ұйымдастырушы) айқындаған жағдайда, тапсырыс берушілер ұйымдастырушыға не мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға олар белгілеген мерзімде конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін қажет ақпаратты, оның ішінде: 1) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарынан үзінді көшірмені; 2) тапсырыс берушінің басшысы не оның міндеттерін атқаратын адам қол қойған және әр бетін дәйектеген сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін және техникалық ерекшелігін; 3) конкурстық және сараптау комиссияларының құрамына енгізу үшін кандидатураны (сарапшыны); 4) мемлекеттік сатып алуды жүргізу жөніндегі рәсімдерге қатысу үшін тапсырыс берушінің уәкілетті өкілдері туралы мәліметтерді; 5) құрылыс жұмыстарын сатып алған кезде құрылыс объектісіне жобалау-сметалық құжаттаманы; 6) елеулі шарттарды көрсете отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын ұсынады.»; мынадай мазмұндағы 17-1 және 17-2-тармақтармен толықтырылсын: «17-1. Жабық рәсімдерді қолдана отырып, конкурс тәсілімен ерекше тәртіпті пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған жағдайда, тапсырыс беруші (тапсырыс берушілер) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға/бірыңғай ұйымдастырушыға тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндеттерін атқарушы адам бекіткен әлеуетті өнім берушілердің тізімін ұсынады. 17-2. Осы Ереженің 17 және 17-1-тармақтарында көзделген ақпарат өзгерген жағдайда, тапсырыс беруші (тапсырыс берушілер) бұл туралы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны/бірыңғай ұйымдастырушыны дереу хабардар етуі тиіс. Ұйымдастырушы/бірыңғай ұйымдастырушы өткізген конкурс қорытындылары бойынша тапсырыс беруші (тапсырыс берушілер) жеңімпаздармен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады.»; 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «18. Мемлекеттік сатып алуға заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктері (консорциум) қатысқан жағдайда, осы консорциумның қатысушылары болып табылатын заңды тұлғалар өз біліктілік талаптарын растау үшін осы Ережеде белгіленген құжаттармен қатар мынадай құжаттарды беруге тиіс: 1) заңды тұлғалардың (консорциумның) мүшелері арасында жасалған нотариалды куәландырылған ортақ жауапкершілік шарты; 2) бiрлескен шаруашылық қызметi туралы шартта көзделген қызмет бөлiгiнде тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету құқығына арналған тиiстi лицензиялардың нотариалды куәландырылған көшірмелері не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензиялар. Конкурсқа Консорциум қатысқан жағдайда, конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийлерді есептеу заңды тұлғалар қандай да бір ресурстарды біріктіретін және нақты шаруашылық міндеттерін шешу үшін күш-жігерді үйлестіретін бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарт жасасқан сәттен бастап консорциумға қатысты қолданылады.»; 20-21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «20. Тапсырыс беруші Заңның 5-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы. Мұндай жағдайда тапсырыс беруші не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешімі қабылданған күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде: 1) өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысатын адамдарды қабылдаған шешім туралы хабардар етуге; 2) конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімдерді қамтамасыз етуді және (немесе) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтаруға міндетті. 21. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, осы Ереженің 256-тармағында көрсетілген сатып алу жағдайларын қоспағанда, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізудің талаптары мен тәртібін айқындау үшін мемлекттік құпиялар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес конкурстық құжаттама негізінде қазақ және орыс тілдерде конкурстық құжаттаманы әзірлейді және оны тапсырыс берушімен келіседі.». 22-тармақта: 1) тармақшада: үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, рұқсаттардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;»; тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: «конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашатын күннiң алдында бiр айдан бұрын емес берiлген салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдары бойынша берешегiнiң жоқтығы (төлем мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) туралы не бiр теңгеден кем салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдары бойынша берешектiң болуы туралы тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;»; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаты мен талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, ұлттық стандартты немесе болған кезде Қазақстан Республикасы өндірушілерінің коммерциялық емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандартты көрсете отырып, ал қажет болған кезде Үлгі конкурстық құжаттамаға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нормативтік-техникалық құжаттаманы көрсете отырып, техникалық ерекшеліктер. Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде сатып алынатын жұмыстардың сипаттамасы мен талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының орнына конкурстық құжаттамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуы тиіс;»; 13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «13) конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттi ұсыну тәртiбi, тәсiлi, орны және соңғы мерзiмi (бiрақ жұмыс күнiнiң жергiлiктi уақытпен он алты сағатынан кешiктiрмей) және конкурсқа қатысуға өтiнiмдердiң талап етiлетiн қолданылу мерзiмi (тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурсқа қатысу үшiн әлеуеттi өнiм берушi ұсынатын конкурстық өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi конкурстық өтiнiмдер ашылатын күннен бастап кемiнде 35 күнді құрайды. Конкурстық құжаттамада көрсетiлгеннен қолданылу мерзiмi неғұрлым қысқа конкурстық өтiнiм кері қайтарылады);»; 23-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын; 27-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Құрылыс бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада құрылыспен тығыз байланысты жұмыстарды және құрылыспен байланысты емес тауарларды лоттарға бөлуге міндетті.»; 35-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырған кезде жабық рәсімдерді қолдана отырып, ерекше тәртіппен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сарапшылар ретінде тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының не ведомстволық бағынысты мекемелердің мамандарын тарта алады.»; 40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «40. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтiнiмдерді табыс етуінің соңғы күніне дейiн кемiнде күнтiзбелiк отыз күн бұрын: 1) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтiнiн, сондай-ақ бекiтiлген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінiң интернет-ресурсында жариялауға; 2) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтiнiн мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жариялауға; 3) тапсырыс берушінің интернет-ресурсында хронологиялық тәртіппен конкурстық құжаттаманы алған адамның орналасқан жерi, почталық және электрондық мекенжайлары туралы мәлiметтердi, сондай-ақ ол туралы басқа да мәлiметтердi көрсете отырып, бекiтiлген конкурстық құжаттаманы табыс ету фактiсiн тiркеудi қамтамасыз етуге мiндеттi. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қайтадан жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ конкурсқа қатысуға өтiнiмдерді табыс етудің соңғы күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк он бес күн бұрын осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген талаптарды орындауға мiндеттi. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында қамтылған мәліметтер конкурстық құжаттамада көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуге тиіс.»; 42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «42. Конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарланған күннен бастап мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлi, ал тапсырыс берушi мен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тараптан әрекет еткен жағдайда – конкурстық комиссияның хатшысы осы Ереженің 40-тармағының 3) тармақшасында белгiленген талаптарды ескере отырып, қағаз жеткізгіште не бекiтiлген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсына орналастыру арқылы конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн әлеуеттi өнiм берушiге (оның уәкiлеттi өкiлiне) әлеуетті өнім беруші жүгінген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей береді (жібереді).»; 43-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкіліне қол қойғызып, конкурстық құжаттаманың көшірмесін береді не почта байланысын пайдалана отырып жібереді;»; 47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «47. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруді, конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру жөніндегі кездесулерді ұйымдастыруды, түсіндірулер мәтіндерін жіберуді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүргізеді. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдi ұсынудың соңғы күні өткенге дейінгі күнтізбелік бес күн бұрын өз бастамасы бойынша немесе адамдардың сұрау салуларына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулардың мәтінін осы Ереженің 44-тармағында көзделген тіркеу журналына олар туралы мәліметтер енгізілген адамдарға өтеусіз негізде жібереді. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi ұсынудың соңғы мерзімі кемінде күнтізбелік он күнге ұзартылуға тиіс. Өздері туралы мәліметтер тіркеу журналына енгізілген адамдар мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен, бірақ конкурсқа қатысуға өтiнiмдi ұсынудың соңғы мерзіміне дейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүгінуге құқылы. Конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы сұрау салу мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттамада көрсетілген тәсілдермен жіберілуге тиіс. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен түскенін көрсетпей, олар туралы мәліметтер осы Ереженің 44-тармағында көзделген тіркеу журналына енгізілген адамдарға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге міндетті. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы олар туралы мәліметтер осы Ереженің 44-тармағында көзделген тіркеу журналына енгізілген адамдардың уәкілетті өкілдерімен белгілі бір жерде және конкурстық құжаттамада көрсетілген тиісті уақытта конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру үшін кездесу ұйымдастыруға құқылы. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мүдделі адамдармен көрсетілген кездесу өткізілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес хаттаманы ресiмдейдi және онда мыналар: 1) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлi, сондай-ақ олардың тегiн, атын, әкесiнiң атын көрсете отырып, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының өзге де мамандары және ол тартқан, әлеуеттi өнiм берушiлермен кездесуде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны білдірген сарапшылар туралы ақпарат; 2) олардың тегін, атын, әкесінің атын, сондай-ақ осындай адамның әлеуеттi өнiм берушiнi конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушымен кездесуде білдіру өкiлеттiгiн растайтын құжатты көрсете отырып, әлеуетті өнім берушілер не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен кездесуге қатысқан олардың уәкілетті өкілдері туралы ақпарат; 3) олардың дереккөзiн көрсетпестен, конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы берілген сұрақтар; 4) әлеуеттi өнiм берушiлердiң сұрақтарына мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының жауаптары; 5) бекiтiлген конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу қажеттiлiгiне не қажеттiлiктiң жоқтығына нұсқау қамтылуға тиiс. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы хаттама ресімделген және оған қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, конкурстық комиссияға, сондай-ақ олар туралы мәліметтер осы Ереженің 44-тармағында көзделген тіркеу журналына енгізілген адамдарға көрсетілген хаттаманың көшірмесін жіберуге міндетті.»; 51-тармақта: 2) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, рұқсаттардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;»; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) ұсынылатын тауарлардың атауын, олардың шыққан жерін, шығарылған жылын, болған кезде үлгісін, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын сипаттай отырып, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету, тауарларға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға жұмсалатын шығыстарға сапа кепiлдiгiн беру мерзiмдерiн және (немесе) көлемдерiн, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету шарттарын көрсете отырып, техникалық ерекшелiкті;»; 63-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Өтінімдер конкурстың барлық лотына берілмеген кезде лоттардан тұратын конкурсқа бөлінген жалпы сомаға конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмге қамтамасыз етуді енгізуге жол беріледі.»; 67-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын; 68, 69, 70 және 71-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «68. Конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етуi жоқ конкурстық өтiнiмдердiң барлығын конкурстық комиссия конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейтіндер ретiнде кері қайтарады. 69. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мынадай: 1) әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi өткеннен кейiн конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi керi қайтарып алған не өзгерткен және (немесе) толықтырған; 2) конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң конкурстық баға ұсынысын белгiленген мерзiмде табыс етпеген не керi қайтарып алған; 3) конкурстың жеңiмпазы деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған; 4) конкурстың жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгiленген, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу және (немесе) енгiзу мерзiмдерi туралы талаптарды орындамаған не уақтылы орындамаған жағдайлардың бірі басталған кезде конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтармайды. Осы тармақта көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi қамтамасыз етудiң сомасы тиісті бюджеттің кірісіне есепке жатқызылады. 70. Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi қамтамасыз ету мынадай: 1) осы әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмiн конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi өткенге дейiн керi қайтарып алған; 2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуеттi өнiм берушiлерге қолданылмайды; 3) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурс жеңiмпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды; 4) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енген және конкурс жеңiмпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзген; 5) әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң қолданылу мерзiмi өткен жағдайлардың бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қайтарылады. 71. Конкурстық комиссия, конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды конкурстық құжаттамада мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы көрсеткен күні, уақытта және орында конкурстық комиссияның қарапайым көпшілігінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің қатысуымен жүргізеді. Конкурсқа қатысуға өтінім ұсынған әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның уәкілетті өкілі конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатысуға құқылы. Конкурстық комиссияның отырысында қатысып отырған адамдардың конкурстық комиссия қызметіне араласуға құқығы жоқ.»; 86-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Әлеуеттi өнiм берушiлердiң жалпы бiлiктiлiк талаптарына олардың банкроттау рәсiмiне қатысы жоқтығы және (немесе) атқарушы құжаттар бойынша орындалмаған және тиісті тізілімге енгізілмеген міндеттемелердің болмауы бөлiгiнде сәйкес келуiн нақтылау мақсатында конкурстық комиссия банкроттау рәсiмдерiнiң жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның интернет-ресурсына және атқарушы құжаттарды орындауды қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылған ақпаратты қарайды.»; 87-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: «өтінімді қамтамасыз етуге қол қойған лауазымды адамның өкілеттігін растайтын құжаттың болмауы мұндай әлеуетті өнім берушіні конкурстық құжаттама талаптарына сай емес деп тану үшін негіз болып табылмайды;»; 87-1-тармақта: 1) тармақша: үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, рұқсаттардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін бермеу;»; мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын: «біліктілігі туралы мәліметтерде әлеуетті өнім берушілердің телефон нөмірлері туралы ақпараттың, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күнінің көрсетілмеуі өтінімді кері қайтару үшін негіз болмайды. Бұл ретте, конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіге жұмыс тәжірибесі бойынша конкурстық баға ұсынысын шартты азайтуды қолданбайды;»; 2) тармақша мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын; «өтінімді қамтамасыз етуге қол қойған лауазымды адамның өкілеттігін растайтын құжаттың болмауы осындай әлеуетті өнім берушіні конкурстық құжаттама талаптарға сай емес деп тануға негіз болып табылмайды;»; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса не ол тартқан қосалқы мердiгер (бірлесіп орындаушы) Заңның 6-бабы 1-тармағының 5), 5-1), 6) және 7) тармақшаларының талаптарын бұзса, конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi.»; 87-2-тармақта: 1) тармақшада: төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «лицензияның не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, рұқсаттардың, әлеуетті өнім берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткiзуге, жұмыстарды орындауға және қызметтердi көрсетуге құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн бермеу;»; мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын: «біліктілігі туралы мәліметтерде әлеуетті өнім берушінің телефон нөмірлері туралы ақпараттың, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күнінің көрсетілмеуі өтінімді кері қайтару үшін негіз болып табылмайды. Бұл ретте, конкурстық комиссия мұндай әлеуеттi өнiм берушiге жұмыс тәжірибесі бойынша конкурстық баға ұсынысын шартты азайтуды қолданбайды;»; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «Заңның 6-бабының талаптарын бұзса не ол тартқан қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) Заңның 6-бабы 1-тармағының 5), 5-1), 6) және 7) тармақшаларының талаптарын бұзса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді.»; 94-тармақ алынып тасталсын; 99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «99. Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылған тауарларды ерікті сертификаттауды жүргізуді растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде екі пайызға азайтады.»; 102-1-тармақ алынып тасталсын; 103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «103. Отандық тауар өндіруші мәртебесінің болуына қойылатын критерий мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтініміне қолданылады.»; 111-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағасы тең болған кезде конкурс нысанасы болып табылатын сатылып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында көбірек тәжірибесі бар әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.»; мынадай мазмұндағы 122-1-тармақпен толықтырылсын: «122-1. Конкурс тәсілімен екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алудың екінші кезеңінде конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша мыналар: 1) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы; 2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасы ресімделеді. Конкурстық комиссия біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы жарияланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығын береді. Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы мынадай ақпаратты қамтуы тиіс: 1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілердің тізбесі; 2) конкурсқа қатысуға арналған өтінімді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру үшін әлеуетті өнім беруші ұсынуы және біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес қажет құжаттардың тізбесі. Конкурстық комиссияның әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешімі конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қабылданады және конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні интернет-ресурста жариялайды. Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға конкурстық комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға қоса беріледі. Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы әлеуетті өнім берушілер біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келген жағдайда ресімделмейді. Конкурстық комиссияның біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта қараған кезде: 1) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында бар, біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілер тізбесіне кірмеген; 2) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының құжаттар тізбесінде жоқ, өтінімді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру үшін құжаттар ұсынбаған әлеуетті өнім берушілерді өткізбеуге (конкурсқа қатысушылар деп танымауға) жол берілмейді. Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта қарау нәтижелері бойынша, әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта ұсынудың соңғы күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама ресімделеді.»; 144-тармақ алынып тасталсын; 147-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы Ереженің 124-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда конкурстық өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушіге сұрау салу жіберіледі.»; 148-2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Бұл ретте, әлеуетті өнім беруші жіберілетін ақпаратта бір көзден сатып алу шарттарында тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау мерзімдерін қамтуы тиіс. Осы мерзімдер конкурстық құжаттамада және мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасында белгіленген мерзімдерден асуы мүмкін, бірақ күнтізбелік он бес күннен артық емес.»; 149-тармақта: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «149. Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету туралы ұсынысты қабылдаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға оның осы Ереженің 51-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу процесіне байланысты шектеулердің жоқтығын растайтын құжаттарды, ұсынылып отырған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өзінің жазбаша келісімін, сондай-ақ жеткізілетін тауарлар, орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын бағаны оның негіздемесімен жібереді, талап етілетін құжаттарды ұсыну мерзімі мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру алған күнен бастап, үш жұмыс күнінен аспауы тиіс.»; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Баға негіздемесі әлеуеттi өнiм берушiнiң тасымалдауға, сақтандыруға, кеден бажын, ҚҚС және басқа да салықтарды, төлемдер мен алымдарды, жинақтаушы бөлшектер мен мiндеттi қосалқы бөлшектер құнын, бiр өлшем бiрлiгiне пайдаланудың бастапқы мерзiмi iшiнде қызмет көрсетуге арналған барлық шығыстарды, басқа да шығыстарды қоса алғанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге ұсынатын құнның есебін қамтуы тиіс.»; 153-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «153. 152-тармақтың талабы олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияны және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.»; 154-тармақтың 3) тармақшасындағы «бас тартқан жағдайда өтпеді деп танылады.» деген сөздер «бас тартқан;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) егер әлеуетті өнім беруші неғұрлым жақсы техникалық, сапалық және функционалдық сипаттамалары бар техникалық ерекшелікті ұсыну жағдайларын қоспағанда, тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынған жағдайларда өтпеді деп танылады.»; 156-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету осы Ереженің 256-тармағында көзделген тәртіппен өткізілген конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайда енгізілмейді.»; 205-тармақ алынып тасталсын; 253, 254, 255 және 256-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «253. Жабық рәсімдерді қолдана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізген кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы кемінде екі әлеуетті өнім берушінің атына мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатыны туралы хабарлама жібереді. Егер мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істеуге сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша тек бір ғана әлеуетті өнім берушінің рұқсаты болған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мұндай әлеуетті өнім берушіге онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға жазбаша шақыру жібереді. 254. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтер пайдаланылмайтын, бірақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтер пайдаланылатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатыны туралы хабарлама жіберілетін әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдаланатын жұмыстарға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті және оның органдары белгіленген тәртіппен беретін рұқсаты болуы тиіс. 255. Аттарына хабарлама жіберілетін әлеуетті өнім берушілердің тізімін Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді ескере отырып, тапсырыс беруші жасайды және тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не оның міндетін атқаратын адам бекітеді. Конкурсты бірыңғай ұйымдастырушы өткізген жағдайда, әлеуетті өнім берушілердің тізімін бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не оның міндетін атқаратын адам бекітеді. Оларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге әлеуетті өнім берушінің оларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге құқығы талап етілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша тапсырыс беруші тиісті құқықтары бар әлеуетті өнім берушілердің ішінен конкурсқа қатысуға шақырылатын әлеуетті өнім берушілердің тізімін қалыптастыруға міндетті. 256. Егер белгілі бір тауарды не белгілі бір жұмысты, көрсетілетін қызметті мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемі құндық мәнінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспаса, онда жабық рәсімдер қолданылатын конкурс мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: 1) тапсырыс берушінің бірінші басшысының не жауапты хатшысның немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамның не бірінші басшының міндетін атқаратын адамның шешімімен конкурстық комиссияның құрамы бекітіледі, қажет болған кезде сараптамалық комиссия құрылады не сарапшы анықталады, конкурстық комиссияның хатшысы анықталады; Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір қаржы жылына тұрақты негізде бір конкурстық комиссия құрамын бекітуге, конкурстық комиссияның хатшысын айқындауға, сондай-ақ қажет болған кезде, құндық мәнде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын белгілі бір тауар