• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
14 Маусым, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №641

259 рет
көрсетілді

2014 жылғы 12 маусым,  Астана, Үкімет Үйі Ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2014 жылғы 1 шілде – 31 желтоқсан кезеңіне арналған шекті бағалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы №641 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2014 жылғы 1 шілде – 31 желтоқсан кезеңіне арналған шекті бағасы Р/с № Өңір Қосылған құн салығын есепке алмағанда, мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен 1. Алматы қаласы 15 881 (он бес мың сегіз жүз сексен бір) 2. Алматы облысы 15 881 (он бес мың сегіз жүз сексен бір) 3. Оңтүстік Қазақстан облысы 14 616 (он төрт мың алты жүз он алты) 4. Жамбыл облысы 14 310 (он төрт мың үш жүз он) 5. Қызылорда облысы 5 705 (бес мың жеті жүз бес) 6. Батыс Қазақстан облысы 10 961 (он мың тоғыз жүз алпыс бір) 7. Ақтөбе облысы 4 105 (төрт мың бір жүз бес) 8. Атырау облысы 5 439 (бес мың төрт жүз отыз тоғыз) 9. Қостанай облысы 15 748 (он бес мың жеті жүз қырық сегіз) 10. Шығыс Қазақстан облысы 7 563 (жеті мың бес жүз алпыс үш) 11. Маңғыстау облысы 11 164 (он бір мың бір жүз алпыс төрт)