Елордамыз дамудың жаңа үлгісіне көшуге тиіс. Астана инновациялық шаһар болуы қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы елорданы дамыту жөніндегі кеңес отырысында атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Елордамыз дамудың жаңа үлгісіне көшуге тиіс. Астана инновациялық шаһар болуы қажет. Әлемде қаланы басқарудың жаңа цифрлық тәсілдері қарқынды түрде енгізіліп жатыр. Біз де бұған баса назар аударуымыз керек. Мен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі G42 компаниясының басшыларымен арнайы кездестім. Бұл компания жасанды интеллектіні дамыту ісінде көш бастап отыр. Олар «ақылды қала» жобасы аясында осы саладағы озық тәжірибесін бізге ұсынуға дайын», деді Президент.
Президент әкімдікке Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, бұл жұмысты дереу қолға алуды тапсырды.
Президенттің айтуынша, жалпы, ІТ-бизнес өкілдерін және осы саладағы білікті мамандарды тарту қажет, сол арқылы бас қаламыз аймақтың «Digital nomads» орталығына айналмақ.