• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Шілде, 2014

Кеселдің алдын алу – ауырмаудың тиімді жолы

484 рет
көрсетілді

Созылмалы жұқпалы емес аурулары (СЖЕА) денсаулық сақтау саласынындағы өзекті мәселе және дамыған мемлекеттердегі өлім-жітім мен мүгедектіктің басты себептерінің бірі болып табылады. Көптеген эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, темекі шегу, артериялық гипертензия, дененің артық салмағы, қант және қандағы холестерин деңгейінің жоғарылауы, ішімдікті шамадан тыс пайдалану, төменгі физикалық белсенділік сынды факторлар жүрек-қан тамырлары мен созылмалы жұқ­палы емес аурулардың дамуына әкеп соқтырады. Сондықтан, меди­циналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) деңгейінде СЖЕА алдын алу және өршу қаупін ескерту медицина қызметкерлерінің жұмысындағы басты бағытқа айналып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақ­тау ұйымының мәліметі бойынша, Еуропа аймағындағы барлық сырқаттылықтың 77%-ын, өлім-жітім көрсеткішінің шамамен 86%-ын СЖЕА құрайды. Әлемнің көптеген елдерінде барлық сырқат­тылық пен өлім көрсеткіші ішінен аса маңызды қауіпті фактор ретінде дәл осы созылмалы жұқпалы емес аурулар айқын орын алады. Бұл өз кезегінде денсаулық сақтау жүйесіне салмақ салумен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуына зиянын тигізеді. Денсаулық сақтау саласында аурулардың алдын алу шараларын жүргізу мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларының бірі, ол СЖЕА азайтуда жаңа шешімдерді іздестіруге мүмкіндік береді. Дәл осындай бастаманың бір түрі – ауруды басқару бағдар­­ламасы. Он жыл бұрын меди­циналық қызмет көрсету тізбегіндегі көптеген мәселелердің жауабы ретінде ұсынылған жаңа құрылымдық, жүйелік тәсіл – пациенттің өз қызметтік міндеттерін толық жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, аурудың дамуындағы қауіп-қатерді, өлім-жітім мен мүгедектікті төмендетіп, денсаулық сақтау саласының тиімділігін жоғарылатады. Ауруды басқару (Disease Man­age­ment) – медициналық көмек көрсе­тудің тәртібі мен құры­лымын нақты пациенттегі кесел түрінің дамуына сәйкес ұйымдастыратын біртұтас тұжы­рымдама. Аталмыш тәсіл­дің ерек­шелігі – пациенттерге өз ауруын қадағалауына көмектесу, нақты емде­лушінің денсаулық жағдайы үшін меди­циналық ұйымдар мен пациенттің ортақ жауапкершілігін арттыруға көмектесу. 2013 жылдан бастап Денсау­лық сақтау министрлігі Ауруды басқа­ру бағдарламасын жүзеге асыра бастады. Денсаулық сақтау саласы үшін: қант диабеті, артериялық гипертензия және созылмалы жүрек жетіспеушілігі СЖЕА қата­рындағы ең өзектілер ретінде белгіленді. Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыс­тары қанатқақты аумақтар ретінде анықталды. Осылайша, біртіндеп жаңа облыстар бағдарламаға қосыла бастады. Ақыр соңында аталмыш­ бағдарламаға Қазақстанның бар­лық аумақтары кіреді. Ауруды басқару бағдарламасы пациенттердің денсаулығын жақ­сарту, емделушілердің өзін-өзі бас­қаруы, тиімді дәрілік препарат­ты қолдануын арттыру сынды бір­та­лай тапсырмаларды шешуге бағыт­­талған. Нәтижесінде, аурудың асқы­нуы мен күшеюі, жедел меди­ци­налық көмек пен стационарға қажет­тіліктің төмендеуін күтуге болады. Аталмыш бағдарламаның ойда­ғыдай жүзеге асуы үшін учаскелік мейірбикелер белсенді қатысуы керек. Олардың беделін, қызметтік міндеттерін көтеру, бірінші байланыстырушы дәрі­герлер (учаскелік қызмет) мен мамандар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, пациенттерге арналған құралдар және тиімді білім беретін бағдарламаны тарату және өңдеу, т.б. қажет. Ақпараттандырылған белсенді пациент пен оның дәрігермен арасындағы жақсы қарым-қаты­насы бұл бағдарламада жетекші рөл атқарады. Ауруларды басқа­ру бағдарламасын енгізу меди­ци­налық ұйымдармен және пациент­тердің қарым-қатынасына, рөлі мен жауапкершілігіне жаңаша қарауға мүмкіндік береді. Ділләхан Бәйменова, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бөлім басшысы.