• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 05 Мамыр, 2023

Президент: Қуатты армия – тұрақтылық пен тыныштықтың кепілі

299 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкілармиялық кеңес отырысы барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президенттің айтуынша, күштік құрылымдар жаңа талапқа сай болуы қажет.

«Қазір Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды. Сондай-ақ десанттық-шабуылдаушы әскердің қарым-қабілетін арттыру үшін нақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Аумақтық қорғаныстың әлеуеті күшейтіліп жатыр. Азаматтық қорғаныс бөлімшелері құрылып жатыр. Арнайы жасақ бөлімдерін дамыту ісі тың қарқынмен жалғасуда. Осы жұмыстың бәрін уақтылы аяқтау керек. Олар біртіндеп қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілуге тиіс», деді Қ.Тоқаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы мемлекеттік органдардың тығыз қарым-қатынаста болуы өте маңызды екенін атап өтті.

«Сонда ғана кез келген қауіп-қатерге төтеп бере аламыз. Қуатты армия – тұрақтылық пен тыныштықтың кепілі», деді ел Президенті.