• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Шілде, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №693

235 рет
көрсетілді

2014 жылғы 23 маусым,   Астана, Үкімет Үйі Акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банктің кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға бергені провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін кіріс деп танылмайтын және талап ету құқығын беруден түсетін, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банктен кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға байланысты алынған табыстары жиынтық жылдық табысынан алып тасталуға жататын заңды тұлғаны айқындау туралы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 90-бабы 2-тармағының 4-2) тармақшасына және 99-бабы 1-тармағының 14-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамы: 1) акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банктің кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға бергені провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін кіріс деп танылмайтын; 2) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банктен кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға байланысты алынған табыстары жиынтық жылдық табысынан алып тасталуға жататын заңды тұлға болып айқындалсын. 2. «Акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банк кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беретін және талап ету құқығын басқаға беруден түсетін, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банктен кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға байланысты алынған табыстары жиынтық жылдық табысынан алып тасталуға жататын заңды тұлғаны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 шілдедегі №733 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, ресми жариялануға тиіс және 2016жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.