• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Қыркүйек, 2023

Жібек Құламбаева − Чехия турнирінің чемпионы

320 рет
көрсетілді

Қазақ елінің теннисші қызы Жібек Құламбаева Чехияның Прага қаласында өткен халықаралық турнирдің жұптық сынында чемпион атанды, деп хабарлайды  Egemen.kz теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ITF W60 турнирінің финалында жерлесіміз Жібек поляк қызы Мартина Кубкамен жұп құрап,  италиялық  Ангелика Морателли мен Камилла Роазтеллоны екі сетте  7:6, 6:4 есебімен сүріндірді.

Жібек Құламбаева  осы Мартина Кубкамен тізе қосып мамыр айында Сербияда өткен турнирдің жұптық сынында да жеңіске жеткен болатын.