• RUB:
    4.98
  • USD:
    495.95
  • EUR:
    524.37
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Қазан, 2023

Тегіңізді қазақшалағыңыз келсе…

960 рет
көрсетілді

Бүгінде -ов, -ев, - ова, - ева жалғауы бар тектерді иеленген ел азаматтарын жиі кездестіреміз. Қазіргі таңда аты-жөнді өзгерту соншалықты қиын іс емес. Оған көп құжат жинап, сабылудың да қажеті жоқ. Egemen.kz тілшісі мұндай жалғаудан арылғысы келетін оқырмандарға аз-кем ақпарат ұсынады.  

Ең алдымен өзіңіздің жеке куәлігіңізді және туу туралы куәлігіңізді алып, тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуіңіз қажет. Кейін, не себепті ауыстырайын деп жатқаныңыз бойынша өтініш жазасыз.

«Бірінші туу туралы куәлікті ауыстырып алу қажет, содан кейін ғана басқа құжаттарды (жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, төлқұжат, зейнетақы келісімшарты) ауыстырасыз. Егер атыңызға көлік тіркелген болса, оның техникалық паспортын да ауыстыру қажет», дейді ХҚКО қызметкері.

Айта кету керек, тегіңіз ауысқан жағдайда барлық құжатты ауыстыру міндеттелмейді. Мәселен, диплом, аттестат секілді білім туралы құжаттармен қатар тек, есім, әкесінің аты ауысқаны туралы куәлікті немесе неке туралы куәлікті көрсету жеткілікті.

Құжаттардың дайын болу уақытына келер болсақ, әр құжат әртүрлі қарастырылады. Туу туралы куәлік үш жұмыс күнінің ішінде қарастырылады, ал жеке куәлік, төлқұжат он бес жұмыс күнінің ішінде дайын болса, көлік жүргізу құжаты екі сағаттың ішінде дайын болады.