• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Спорт 11 Желтоқсан, 2023

Шавкат Рахмонов – UFC Countdown аңдатпасына түскен тұңғыш қазақ спортшысы

959 рет
көрсетілді

Аралас  жекпе-жекте  жеңіліске ұшырамаған қазақ спортшысы Шавкат Рахмонов әлемдегі ең таңдаулы промоутерлік ұйым  UFC-дегі кезекті айқасын Тәуелсіздік күні өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дүниежүзіндегі ММА спортының таңдаулы саңлақтары қатаң сүзгіден өткен соң ғана жолы түсетін UFC аренасында Шавкат Рахмонов осы уақытқа дейін 5 мәрте жекпе-жекке түсіп, барлығында жеңіске жетті. Кезекті айқасын 16 желтоқсанда (Астана уақытымен 17 желтоқсанда) АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында америкалық Стивен Томпсонға қарсы өткізеді.

Осы жекпе-жек кешінің Countdown аңдатпасында Шавкат Рахмонов туралы да кеңінен қамтылып айтылды. Бұған дейін Қазақстанның бірде-бір спортшысы UFC-дің Countdown бейнеролигінің назарына ілінген емес. Countdown –  UFC октагонында айқасқа түсетін жауынгерлердің  ішіндегі  шоқтықтысы туралы жан-жақты мәлімет беріп, жекпе-жекке қатысты ой-пікірін талқылайтын бейнеролик. Шавкат дүниежүзіне таралатын бейнероликте өзі жайындағы мәліметті қазақ тілінде баяндады.