• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Желтоқсан, 2023

Ауырып о дүниеге барып келдім – Құдайберген Бекіш

1974 рет
көрсетілді

Еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, белгілі әнші Құдайберген Бекіш «Ұйқым келмейді» бағдарламасында пандемия кезінде қатты ауырғанын еске түсіріп, өмірдің мәнін ұғынғанын, әр сәтті бағалай түскенін айтты, деп жазады Egemen.kz. 

«Сырымды айтпап едім. 2021 жылы коронавирустың кезінде қатты ауырдым. Ауырып о дүниеге барып келдім. Маған «қайтпайтын шығар» деді. Бірінші Алла, екінші ақ халатты абзал жандардың арқасында аман-есен қалдым. Сол кезде өмірдің де мәнін білдім. Қайран өмір-ай. Өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Сол кішкентай өмірді бақытты қыламын десең өз қолыңда», дейді әнші.