• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Қаңтар, 2024

«Екі зейнеткерді өлтірген». Жыл басынан бері бірнеше қылмыскер ұсталды – полиция

318 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері  іздеуде жүрген 58 қылмыскер ұсталды, деп  хабарлайды Egemen.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің жедел қызметтері мен бөліністері  жыл басынан бері 58 қылмыскерді ұстаған.   ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров  қылмыскерлердің арасында адам өлтірген, жәбірленушінің денсаулығына қасақана жарақат салған, алаяқтық фактісімен іздеуде жүргендер де бар екенін айтты.

Ақтау қаласының полиция қызметкерлері  кафедегі төбелесте жәбірленушіге ауыр дене жарақатын салған күдіктіні ұстады. Жанжал өткен жылдың қараша айында  болған.  Өзбекстанның құқық қорғау органдары Алматы облысының криминалдық полиция  қызметкерлерімен бірлесіп екі адамның өліміне қатысы бар  Өзбекстан азаматын ұстады. Ол 13 жыл бұрын  Еңбекшіқазақ ауданында зейнеткерлердің үйіне басып кіріп, оларды өлтіріп ақша ұрлап кеткен.  

«Елорда полицейлері қостанайлық әріптестерімен бірлесіп, 2020 жылы Астанадағы жобалық тұрғын үй кешенінде пәтерлерді инвестициялау және броньдау сылтауымен 144 үлескердің ақшасын иемденген ЖШС директоры мен құрылтайшысын ұстады. Қаскөй тағы екі басқа ЖШС басшыларымен бірге 4 млрд теңгені жымқырған. Соңғы аталғандар да ұсталып, тергеу жүргізіліп жатыр», деп жазылған ақпаратта.

Жыл басынан бері еліміздің  криминалдық полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 30 адамды анықтады.