• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Қаңтар, 2024

«Көлігін тартып алған». Қомақты ақша бопсалаған адам бұрын да сотталған – полиция

3139 рет
көрсетілді

Түркістан облысының полицейлері бопсалау қылмысына қатысы бар азаматты «ізін суытпай» ұстады. Күдікті бұған дейін тонау мен заңсыз қару сақтау фактілері бойынша сотталғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шымкент – Самара тас жолы бойында қомақты ақша бопсалап, автокөлікті заңсыз иемденген күдіктіні ұстады. Күдікті бұған дейін тонау мен заңсыз қару сақтағаны үшін сотталған Түркістан қаласының 28 жастағы тұрғыны. Ол құрылыс жұмыстарымен айналысатын танысынан 1 миллион теңге көлемінде ақша бопсалап, оның BMW автокөлігін заңсыз иемденгені анықталды. Қазіргі уақытта полицейлер ҚР ҚК-нің 194-бабы (Қорқытып алу) фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп, күдікті қамауға алынды», делінген ақпаратта.

Күдіктінің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.