• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Қаңтар, 2024

Бірнеше жер телімі қайтарылды – прокуратура

241 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері Жетісу облысының прокурорлары кадастрлық құны 95 миллион теңгеден асатын 30 жер телімін мемлекеттік жер қорына қайтарды, деп жазады Egemen.kz Жетісу облысы прокуратурасына сілтеме жасап.

«Ақсу ауданындағы жалпы ауданы 7 мың гектар игерілмеген және ұзақ уақыт бойы мақсаты бойынша пайдаланылмаған аталған учаскелер «Күреңбел» ЖШС-не тиесілі. Сонымен қатар Қаратал және Көксу өзендері арналарының карьерлерінің су қорғау аймағында жер қойнауын пайдаланушыларға заңсыз берілген 75 гектар жер анықталды. Жер қойнауын пайдаланушылар құм-қиыршық тас қоспасын заңсыз өндірумен айналысқан, ал су қорғау аймағында тау-кен өндіруге заңмен тікелей тыйым салынған.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша сот қаулысымен кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жер қойнауын пайдаланушыларға рұқсаттардың қолданылуының шарттық міндеттемелерін одан әрі бұза отырып тоқтатылды», делінген ақпаратта.

Жетісу облысының прокуратурасы су қорының жерін мемлекетке қайтару шарасын қолға алды.