• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
12 Маусым, 2010

“НАН ДАЛАСЫНЫҢ” ӨЗ “МАРИНСКИЙІ” БАР

677 рет
көрсетілді

Рафаэль Идиятуллин мың ой­ланбай, қандай банкке баратынын бірден шешті, ол – ҚАЗКОМ. Егер “Маринский” наны қажет болса, “Нан даласына” бару керектігін павлодардағылардың барлығы біледі. Онда мейіз бен бал қосылған “Маринский” наны ғана емес, дәмді нанның 18 түрі бар. “Немецкий”, “Прииртышский”, “Отрубной” нандары, сондай-ақ “Литовский” және “Студен­чес­кий”, “Хала”, “Багет” батондары үлкен сұранысқа ие. Тұрғындар бұл жердің наны дәмді, хош иісті әрі сапалы болғандықтан жақсы көреді. Күн сайын “Нан даласы” павло­дар­лықтарға 8 000-11 000 дана нан жібереді екен. Ал тұрғындар ен­ді келесі нанға, саны бойынша нан­ның жиырмасыншы сұрыбына, қандай атау берілетінін ойлап отырған сияқты. Рафаэль Идиятуллин наубай­хана ісін жеті жыл бұрын бастады, ол кезде оның жасы небары 22-де болатын. Бар болғаны 7 000 АҚШ долларына ол құрал-жабдығы бар кіп-кішкентай наубайхана сатып алған еді. Осылай ЖШС-ның құ­рылтайшысы да, иесі де, директоры да бір өзі болды. Рафаэль Идия­туллин Қазақстан бойынша ұн сату арқылы бастапқы капиталын жинаған болатын. Бастапқыда наубайхана өнімнің 4 түрін ғана шығаратын: “Немецкий” және “Прииртышский”, сондай-ақ бау­ырсақ пен “косички” деп аталатын нан пісіретін. Өйткені өндіріс қуаты нанның одан да көп түрін және мөлшерін шығаруға мүмкін­дік бермеді. Алайда өнімге сұраныс болғандықтан Рафаэль Идиятуллин ҚАЗКОМ-нан несие алып, қосым­ша өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алды, соның арқасында өндіріс қуатын арттырып, өнім түрлерін көбейтті. Нан толығымен сатылатынына Рафаэль сенімді. Өйткені “Нан даласы” алдын ала берілген өтініштер бойынша жұмыс істейді. Яғни қанша тапсырыс болса, сонша нан пісіріледі. – Нан рыногында ойыншылар көп, сондықтан бәсекелестік те жоғары. Алайда Рафаэль Идиятул­лин бизнесті сауатты жүргізген­діктен, бәсекелестікке дайын еке­нін көрсетуде, – деп ойын білдірді “Қазкоммерцбанк” АҚ Павлодар филиалының директоры Берік Ша­патов. – Бұл бизнестің бәсекелес­тікті көтере алатындай бірнеше фактор бар. Біріншіден, әрдайым тұрақты клиенттердің болуы. Бү­гінгі күні “Нан даласының” өнім­дерін Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларындағы 300 жуық сау­да орны сатып алады. Сондай-ақ ком­пания өзінің тұрақты кли­ент­­­теріне әртүрлі жеңілдіктер беріп тұ­рады. Мәселен, тұрақты клиент­тер сата алмаған немесе тұрып қал­ған нанды жаңа піскен нанға айыр­бастай алады. Тек айырбас­талатын нанның сомасы күніне 6 000 тең­геден аспау керек. “Нан даласы­ның” негізгі бәсекелесі – Пав­ло­дардағы ірі нан-тоқаш ком­бинаты. Алайда нанның кейбір түрлеріне ғана бәсекелестік бар. Нан түрлері бойынша, рынокқа нанның жаңа сұрыптарын шығару бойынша “Нан даласы” өз бәсе­келестерінен озық келеді. Мәселен, компания асқазаны ауыратын адамдарға ар­найы ашытқы қосыл­маған “Литов­ский” батонын неме­се дәмді “Марин­ский” нанын ұсы­нады. Сондай-ақ ескеретін тағы бір жайт, нан өнімдерінің бәріне стикер жап­сырылады, онда нанның кім, қа­шан және қай жерде пі­сіргені ту­ра­лы ақпарат жазылған. Нан ту­ра­лы ақпарат жасырыл­маған­дық­тан, оған сенім үлкен, ал өндіру­ші­нің жауапкершілігі жоғары болады. ҚАЗКОМ өз қарызгерінің жұмысын саралай келе, Рафаэльдің бизнесті сауатты жүргізіп отыр­ға­нын айтуда. Бірінші кезекте, ши­кізатты ұйымдастырылған жолмен сатып алуы. Шикізатты жеткізу­шілер – сенімді әрі уақытпен тексерілген әріптестер. Ұннан бас­тап мейізге дейін өнімдердің бар­лығының сапасы жоғары. Шикі­зат­ты жеткізу жағынан бәрі жинақы, бәрі ұйымдастырылған. Өнімді Павлодарға, Ақсу және Екібастұз қалаларына жеткізу де реттелген. Рафаэль Идиятуллиннің өз серік­тестері жайлы пікірі жақсы. Жұ­мыла көтерген жүк жеңіл демекші, бірігіп істеген жұмыс бизнеске табыс алып келеді. Сенімді серіктес ретінде Идиятуллин Қазкоммерц­банкті де айтады, банкпен ол 2004 жылдан бері жұмыс істеуде. – Бізге кішігірім нан цехын электр энергиямен қамтамасыз ету үшін қосалқы электр стансасын сатып алуға 2000 доллар несие алу керек болды, – деп есіне алады Ра­фаэль. Біз бизнесімізді енді баста­ған шағымыз, алайда банк бізге сеніп несие берді. Біз қарызды өтедік. Сосын бізге одан да ірі сома – 15 000 доллар қажет болды. Біз өндірісімізді кеңейтіп, нан пісіру үшін екінші цех сатып алғымыз келді. Сатып алдық, өндірісті іске қосып, несиені өтедік. Ал 2006 жы­лы біз импорттық құрал-жаб­дығы бар цех сатып алуға бел будық. ҚАЗКОМ қомақты несие – 200 000 доллар берді. Бүгінгі таңда біз­дің өндіріс орнымыз заманға сай жаб­дықталған, соның арқасында біздің өнімдеріміздің түрлері көбейе түсті. Рафаэль Идиятуллин мың ой­ланбай, қандай банкке баратынын бірден шешті, ол – ҚАЗКОМ. – Банктің өз бизнесмен кли­ент­­­те­ріне ұсынатын шарттары біз­дің көңілімізден шығады, – дейді ол. – Сондай-ақ ҚАЗКОМ-ның қыз­мет көрсетуі жақсы, сервисі та­ма­ша. Банк менеджерлерінің қар­жы сұрақтары бойынша бізге сауат­ты және уақтылы кеңес бе­ретіні бізге ұнайды. Барлық кредит­тері­мізді, соның ішінде соңғысын да, біз ешбір қиындықсыз әрі жылдам алдық. Өйткені компания­мыздың құжаттары дұрыс әрі биз­несіміз ашық. Кредиттің басқа қыз­меттері бойынша да қиындықтар болған жоқ. Ал 2009 жылы біз не­сиемізді “Даму” қорының бағдар­ламасы бойынша 8%-ға қайта қаржы­лан­дырдық, енді кредитті өтеу жеңіл­дей түсті. Тамаша қызметі үшін ҚАЗКОМ-ға рахмет. Кәсіпкерлерді қолдаған мемлекетке рахмет. Бұл көмек уақтылы, шап­шаң жетті және сауатты жасалды. Осының ар­қасында көптеген кәсіпорындар дағдарысты жеңіп, өз бизнестерін жалғастыруда. Динара ҮСІПОВА.