• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Мәдениет 11 Наурыз, 2024

«Оскар – 2024»: Әлемнің үздік актері белгілі болды

192 рет
көрсетілді

Өткен түні Лос-Анджелесте 96-рет «Оскар» премиясының иегерлері анықталды. Кино әлеміндегі теңдессіз жүлденің басым көпшілігін Кристофер Нолан түсірген «Оппенгеймер» фильмі еншіледі. «Оскардың» жетеуі «Оппенгеймер» фильміне бұйырды, деп жазады Egemen.kz.

Одан кейін 4 бірдей номинацияны «Бедные-несчастные» фильмі иеленіп, үздіктер тізімін жалғады.

«Оскар» премиясының негізгі номинациясында үздік шыққандар: 

Үздік фильм – «Оппенгеймер»;

«Үздік актриса» - Эмма Стоун; (Бедные-несчастные). Эмма Стоун осы аталымда екінші рет «Оскар» алды.

«Үздік актер» - Киллиан Мерфи («Оппенгеймер»);

«Үздік ән» - What Was I Made For? («Барби»);

«Үздік саундтрек» – «Оппенгеймер»;

«Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» – Роберт Дауни («Оппенгеймер»);

«Екінші пландағы үздік әйел рөлі» - Давайн Джой Рэндольф («The Leftovers»);

«Үздік шетелдік фильм» - «Зона интересов» (The Zone of Interest);

«Үздік бейімделген сценарий» - «Америкалық фантастика»; (American Fiction);

«Үздік түпнұсқа сценарий» - «Құлау анатомиясы» (Anatomie d'une chute);

«Үздік анимациялық фильм» - «Бала мен құс» (Кимитачи ва Доу Икиру ка);

«Үздік режиссер» - Кристофер Нолан («Оппенгеймер»);

«Үздік қысқа метражды фильм» - «Генри Шугардың таңғажайып оқиғасы».