Қазыналы түбек тұрғындары үшін тағы бір жаңалық болды. Бұған дейін алыс-жақын шетелдерге тоғыз халықаралық рейстерді атқарған Ақтау халықаралық әуежайынан “Ақтау – Санкт-Петербург” тікелей әуе қатынасы ашылды. Күні кеше ғана ТМД елдері бойынша қатарынан екінші рет таңдаулы деп танылған Ақтау әуежайының директоры Узифолла Ажмолдаевтың айтуынша, бұл – Қазақстан бойынша Санкт-Петербургке алғашқы тіке рейс. Енді бұл рейсті әр сенбі күндері “SCAT” әуе компаниясының “Бойнг-737” ұшағы тұрақты түрде жүзеге асырмақшы.
Сөйтіп, ақтаулық жолаушыларға бұрынғыдай екінші қалалар арқылы емес, тікелей ұшу мүмкіндігіне орай қолайлы жағдай жасалып отыр.
Жоламан БОШАЛАҚ.
Маңғыстау облысы.