• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Қаңтар, 2015

Жансая – халықаралық турнир жеңімпазы

261 рет
көрсетілді

Қазақстандық 15 жасар шахматшы қыз Жансая Әбдімәлік Чехияда әйелдер арасында өткен халықаралық «Прага Оупен» турнирінде бірінші орынды жеңіп алды. Ол 9 турда 6 ұпай жинап, алды­на жан салмады. Ал ер кісі­лер арасындағы сайыста украин гроссмейстері Олександар Носенко 8 ұпаймен топ бастады. Жарысқа барлығы 209 шахматшы қатысты. «Жансая Чехиядағы турнирде жеңіске жетуі нәтижесінде өз рейтингісін тағы 10 сатыға көтерді, – деді шахматшы қыздың әкесі Данияр Әшіров. – Бәлки, бұл тым көп те емес шығар, бірақ осының өзі өсуді көрсетеді». Данияр Әшіров бұдан бөлек, қызының алдағы жоспарлары туралы да айтты. Оның баяндауынша, Жансая Әбдімәлік қаңтардың аяғында Францияда өтетін «Капелла ля-Гранде» турниріне қатысады, содан кейін артынша Исландиядағы «Рейкьявик Оупен» жарысына барады. Қатысушылары жағынан бұлардың соңғысы өте күшті турнир болғалы тұр. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.