• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Маусым, 2015

Иордания – Қазақстанға жақын ел

337 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезіне қатысуға келген Иордания Королі II Абдалламен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Нұрсұлтан Назарбаев пен II Абдалла екіжақты және өңірлік ынтымақтастық мәселелерін қарастырды, сондай-ақ, халық­аралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жұмысы талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев Иор­да­нияның Қазақстанға жақын ел екеніне назар аударды. – Сіздің Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезіне қатысу үшін біздің елімізге келуіңіз зор мәнге ие. Біз Сізбен әрдайым өзара сенімді қарым-қатынаста бол­дық. Қазақстан Сіздің еліңізге үл­кен құрметпен қарайды. Сіздің Иор­дания орналасқан өңірдегі тұрақ­тылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып отыр­ғаныңызды атап өткім келеді. Сон­дықтан біз Сізді әрдайым қолдауға әзірміз, – деді Мемлекет басшысы. II Абдалла екіжақты байла­ныс­тарды нығайтудың маңыздылығын айта келіп, Қазақстанға шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты. – Өзіңізбен кездесіп, ортақ күш-жігеріміз арқылы әлемнің бұдан да жайлы әрі тыныш болуына қа­лай ықпал ете алатындығымыз тура­лы Сізден кеңес алу мені әрдай­ым жылы әсерге бөлейді. Мен көп жылдан бері өңірдегі бітім­гер­шілік, халықтар мен діндерді жақындастыру жолындағы Сіздің қызметіңізге тәнті болып келемін, – деді Иордания Королі.