• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Референдум 26 Қыркүйек, 2024

АЭС – электр энергиясына сұраныстың шешімін табуға мүмкіндік береді

109 рет
көрсетілді

Сенат депутаты Сергей Ершов Президент Жолдауының негізгі мәселелері және атом электр станциясын салу жөніндегі түсіндіру жұмыстары аясында Қарағанды облысында болып, «Bolashaq» академиясының оқытушылары және студенттерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенат депутаты Сергей Ершов Президент Жолдауының негізгі мәселелері және атом электр станциясын салу жөніндегі түсіндіру жұмыстары аясында «Bolashaq» академиясының оқытушылары және студенттерімен кездесті.

Сенатор Қазақстанның болашағы үшін атом электр стансасы құрылысының стратегиялық маңызын талқылауға ерекше назар аударды. Ол еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен тұрақты экономикалық өсіп-өркендеуін қамтамасыз ету мәселелерінің шешімі – атом энергетикасы болатынын атап өтті. Ершов Қазақстан өнеркәсіп пен инфрақұрылымның дамуы аясында электр энергиясына сұраныстың ұлғайып отырғанын, атом электр станциясының энергиямен тұрақты қамтамасыз ете алатынына тоқталды.

«Атом электр стансасының құрылысы Қазақстанға электр энергиясына өсіп келе жатқан сұраныстың шешімін табуға және елімізді ұзақ мерзімді келешекте сенімді энергия көзімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл экономикалық белсенділікті қолдауға және азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам», деп атап өтті Сергей Ершов.

Сенатор кездесу барысында атом электр станциясын пайдалану қауіпсіздігі және осы саладағы халықаралық тәжірибе туралы жан-жақты түсіндірді. Жүздесуге қатысушылар атом энергетикасын дамытудың келешегі мен төмен көміртекті экономиканың әсері және еліміздің энергетикалық секторын жаңғырту ісіне баса назар аударды.

Студенттер мен оқытушылар мұндай жобалардың Қазақстанның экологиялық жағдайы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері туралы сұрақтар қойды.

Ершов алдағы уақытта өтетін атом электр стансасын салу жөніндегі референдум тақырыбына тоқтала келіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әрбір азаматының пікірін ескеру үшін референдум өткізу туралы бастама көтергенін атап өтті.