• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Референдум 2024 06 Қазан, 2024

Әркім өз таңдауын жасауы керек – ерікті

51 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысында барлығы 530 дауыс беру учаскесі жұмысын бастады. Дауыс беруге облыстағы 569 мыңнан астам тұрғын қатысуға құқылы, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің мәліметіне сілтеме жасап.

Бірнеше жылдан бері «Asar-ume» қайырымдылық қорының еріктісі ретінде өмірлік қиын жағдайға тап болғандарға көмектесіп жүрген ақтөбелік азамат Әнуар Сандыбаев референдумға алғашқылардың бірі болып қатысып № 90 сайлау учаскесінде дауыс берді.

«Таңертең ерте келіп, дауыс бергім келді. Күнімнің алғашқы сәтін ел үшін маңызды оқиғамен бастағым келді. Дауыс беруге құқығы бар әрбір адам келіп, өз таңдауын жасауы керек деп санаймын», деп атап өтті Әнуар Сандыбаев.

Айта кетсек, бүгін облыста жол жүру ақысы тегін автобустар таңғы 6:00-ден бастап қатынап жүр.