• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Құқық 27 Қараша, 2024

Акция мақсаты – ана мен бала құқын қорғау

40 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» акциясы басталды. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында хабарланды.

25 қараша мен 10 жел­тоқсан аралы­ғында өтетін бұл акция бүкіл ел аумағын қамтиды. Әйелдер мен ба­ла­­лар­дың құқықтарын қор­ғауға бағыт­тал­ған іс-шара Ақжайық өңірінде де бас­тау алды. Баспасөз конферен­циясына келген облыс әкі­мінің гендерлік саясат мәсе­лелері жөніндегі штаттан тыс кеңес­шісі Жансұлу Төре­мұратова, БҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Арман Дүйсекенов, «Ақ отау» отбасы орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Алты­най Есқа­лиева қоғамның назарын гендерлік зорлық-зом­былық мәселесіне аударды.

Іс-шара тұрмыстық зор­лық-зомбылықтың алдын алу, әйел мен бала құқы­ғын қор­­ғауға бағытталған. Ак­ция «Бейжің декларация­сы мен іс-қимыл платформа­сы­­ның 30 жылдығына орай: әйел­­дерге қатысты зор­­лық-зомбылықты тоқтату үшін бірігейік» ұранымен өтеді.

– Акция аясында мем­ле­кеттік органдар, ха­лық­ара­лық және үкіметтік емес ұйым­­дар елдің барлық өңі­рін­­­де көшпелі кездесулер өт­кі­­зіп, тұрғындарға тұр­мыс­­­тық зорлық-зом­былықтан қор­­­ғану алго­ритмін тү­сінді­­ре­ді. Еліміздегі дағда­рыс ор­талықтары ар­қылы әйелдерге құқықтық, психо­ло­гиялық және әлеу­меттік көмек беріледі. Сон­дай-ақ LED-экран­дарда және кинотеатрлар­да арнайы бейнероликтер ойнап, «111» бірыңғай мем­ле­кеттік сенім телефоны арқы­лы зорлық-зомбылық құр­бан­дарына шұғыл көмек көр­се­тіледі, – дейді Жансұлу Меңешқызы.

Тұрмыстық зорлық-зом­бы­лық құрбан­дарын қол­­дау мақсатында Орал қала­сындағы мемле­кеттік дағда­рыс орталығында – 10 орын, ал Ақсай қаласын­дағы үкі­меттік емес ұйым басқара­тын орталықта 9 орын жаб­дықталып, қызмет көрсетіп жатыр. Биыл өңірде 379 әйел осы орталықтардың көме­гіне жүгінген екен. Арман Құсайынұлының айтуынша, жыл басынан бері 35 әйел полиция жолдамасымен уақытша баспанамен қамтамасыз етілген.

Әйел мен баланы қор­ғау – тек мемлекеттік ор­ган­дар­дың міндеті емес. Қоғам­ның әр азаматы осы бағыттағы баста­маларға белсене қатысуға тиіс.

 

Батыс Қазақстан облысы