• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Ақпан, 2015

Ел бірлігі – ең асыл қасиет

15229 рет
көрсетілді

Отанымыздың бақытты болашағы тек бірлікте. * * * Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір. * * * Көпұлтты ел болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз. * * * Қазақстан – бұл ортақ жер, бір­тұтас халық және ортақ келешек. * * * Ассамблея – еліміздегі бірлік пен ке­лісімнің киелі бесігі, тұтастық пен тұ­рақтылықтың құтты шаңырағы. * * * Ұлтаралық татулық пен келісім көктен түскен бірдеңе емес. Ол мемлекет пен баршамыздың күнделікті саясатымыз бен практикамыздың нәтижесі. * * * Ұлтаралық татулық пен келісім – қазақстандық ұлттық идеяның бас­ты өзегі. * * * Ұлттар арасындағы сенім мен бірлік – әділ әлемдік тәртіптің негізі. * * * Татулық пен келісім – еліміздің табысты дамуының базалық факторы. * * * Біздің басты байлығымыз – ха­лық­тар мен діндер арасындағы татулық пен келісім. * * * Қазақстан халқы біртұтас, бірлігі мызғымас кемел елге айналды. * * * Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Мәдени тұрғыдан алғанда мұның өзі демократиялық мемлекеттің алдына қатаң талаптар тартады деген сөз. * * * Біз тыныштық арқылы – тұ­рақ­тылыққа, татулық арқылы – тұ­та­с­тыққа қол жеткіздік. * * * Қазақтың ертеңін, өзінің, бала-шағасының ертеңін ойлаған адам алдымен осы елдегі тыныштықты ой­лауы керек. * * * Ұлтаралық және конфессияаралық қарым-қатынастардың саясаттануына жол бермегеніміз – біздің маңызды жетістігіміз. * * * Халық бірлігі дегеніміз, бұл ең алдымен мемлекеттік институттардың бірлігі. * * * Біздің ең басты байлығымыз – бе­рекелі бірлігіміз. * * * Мен ауызбіршіліктен айнымайтын ақжүрек жұртымның қуатты ұлтқа, шуақты ұлысқа айналуына кәміл сенемін. * * * Ырыс – ынтымаққа жолығады, дәулет – бірлікпен толығады. * * * Қазақ халқының ынтымағы мен бірлігі болмайынша, мемлекетіміздің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес. * * * Ел бірлігі – ең асыл қасиет. * * * Бірлік – біздің қасиетті туымыз. * * * Үдеудің сыры – бірлікте, жүдеудің сыры – алауыздықта. * * * Бірлігі жақсының тірлігі тапшы болмайды. * * * Бақ та, тақ та таласқанға бұй­ырмайды, халықтық істе жарасқанға бұйырады. * * * Біздің бабаларымыз тірі болуы үшін бір болған, біз ірі болу үшін бір бо­луымыз керек. * * * Тек бірлесіп қана, бүкіл халықтың күш-жігерін біріктіріп қана біз алға баса аламыз. * * * Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. * * * Тұрақтылықсыз баршаның ба­қуат­ты болмасын халқымыз жақсы түсінеді. Біздің халықтың кемел даналығы да осында. * * * Адам мен адамды, халық пен ха­лық­ты, ел мен елді жақындастырар ең берік дәнекер – мүдде бірлігі. * * * Ауызбіршілік жоқ жерде ешқашан да ұлттық идеялар жүзеге асқан емес. * * * Бабаларымыз өзгелердің төріне шығу үшін өзі де меймандарына қақ төрінен орын беріп, құрмет көр­сеткен. * * * Еңсесі биік елдікке есі кеткен ғана топырақ шашады. * * * Өз халқын сүйетін адам, өз жұр­тына жақсылық тілеген кісі өзге ха­лықтарды ашындырмайды, өз ұлтын ешкімге қарсы қоймайды. * * * Қазақстандағы ұлтаралық жа­растықтың негізгі ұйытқысы болу міндетін алдымен осы Атамекеннің иесі – қазақ халқы өз мойнына алуы керек. * * * Дүниеде өзара сенім мен ын­тымақтастық негізінде шешуге болмайтын проблемалар жоқ екеніне сенімдімін. Мұны ұғыну үміт ұялатып, болашаққа деген сенімді нығайтады. * * * Біз келісім саясаты мен парасатты ұлттық стратегиясыз ешқандай міндеттерді шеше алмаймыз. * * * Жаңа қоғамға өтудің, қуатты мемлекет құрудың негізгі тетігі – саяси тұрақтылық. * * * Кіммен дос болу, кіммен жа­­қын­­­да­су, кімнен өзіңді алысырақ ұс­тау – ұлтты сақтаудың бір кепілі. * * * Тұрақтылық – саяси мәселелерді шешудің күшке негізделмеген тә­сіл­деріне көбірек сүйенгенде ғана сақталмақ. * * * Толеранттылық болмайынша жа­һандық сенім де болмайды. * * * ...этнопопулизм – демократиялық қоғамның денесіне шыққан «безеу» емес. Ол – дерт. Онымен ұдайы күреспей болмайды. Ол жағдайға байланысты тез өзгеріп тұрады. Қоғамды одан әрі жетілдіргенімізде де қыр соңымыздан қалмайды. Мұндай кесапатпен әкімгершілік жолмен де, идеологиялық жолмен де күресіп, көп ештеңе бітіре алмайсың. Онымен күрестің жалғыз жолы – адам материалының сапасын жақсартуға күш салу. * * * Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін – Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – бірлік, берекесі. * * * Біздің кейінгі ұрпаққа аман­аттар ең басты байлығымыз – Ел бірлігі болуы керек. Осынау жал­пыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз. * * * Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең бас­ты назарда. Ел бірлігі – біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі.