Қоғам 08 Сәуір, 2025

Егде адамдарға – елеулі қамқорлық

48 рет
көрсетілді

Көкшетау қаласында елімізде кең қанат жайған «Белсенді ұзақ өмір» ұлттық бағдарламасы аясында егде адамдарға ар­налған орталығы ашылып, шарапатты шаруа жүзеге асырылды.

Ашылу салтанатында облыс әкімі Марат Ахметжанов жаңа инновациялық жобаның ма­ңызына тоқталып, жасалып жатқан игі істер жайында баян­дап берді. Орталық директоры Бақыт Смағұл жаңа мекеме аға буынға жайлы орын бола­тындығына сенім білдірді. Айт­са айтқандай, ғимарат толық жаңартылған. Құтты құры­лыс­шының қалағынан жаңа шық­қандай жарқырап тұр. Ең бас­тысы, заманауи жабдықтар­мен қамтамасыз етіліпті. Негізгі қызметі – емдік, дене шынық­тыру, йога, скандинавиялық жү­ріс, вокал, хореография, қол­өнер шеберлігін дамыту, шахмат, то­ғызқұмалақ, асық ату тәрізді ойын­дарға қызығушылықты арттыру. Компьютерлік білім алуға толық мүмкіндік жасалған.

– Мен облыс орталығындағы автокөліктерді жөндеу станса­сында жарты ғасырға жуық еңбек еттім, ұзақ уақыттан бері шахматпен айналысамын, – дейді қала тұрғыны Сәкен Тәңірқұлов. – Орталық зейнеткерлердің бас қосып, шүйіркелесетін, түрлі ойын­дар ойнап, өздері қызығатын шаруамен шұғылданатын орынға айналғалы тұр. Ең бастысы, мемлекет тарапынан аға буынға айта қаларлықтай қамқорлық жасалып отыр.

Ашылу салтанатында Фран­циядағы халықаралық күміс университеттер қауымдастығы­ның президенті, профессор Франсуа Веллас онлайн байланысқа шық­­­­ты. Профессор орталықтың ­ашы­­луымен құттықтап, жарқын жоба жөніндегі лебізін білдірді.

Орталықта арнайы меди­ци­налық кабинет бар. Онда дәрігер келушілердің денсау­лық­тарын қада­ғалайды. Аппа­раттық база әзір­­леніп, ем-дом­ның қажетті­лі­кте­рі екше­ленеді. Жаңа ғимарат­та ар­да­герлер кеңесі де орналас­пақ.

Жаңа жобаны жүзеге асы­ру­ға меценат­­­­тар да қа­тысыпты. Бұл да болса, жақ­­­­сы нышан, жар­қын мысал. Өңірдегі мемлекеттік және жекеменшік уни­­верситеттер ынты­мақтастық ме­морандумына қол қойды.

 

КӨКШЕТАУ