АСТАНА. 14 ақпан. Хоккейден Қазақстанның студенттер арасындағы ерлер құрамасы Испанияның Гранада қаласында қысқы Универсиада шеңберінде Чехия командасымен жартылай финалдық кездесу өткізіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Кездесу Астана уақытымен 03:40 минутта аяқталды.
Осы жеңістің нәтижесінде Сергей Старыгин жаттықтыратын Қазақстан студенттер құрамасы финалға шықты.
Матчтың соңғы кезеңіне дейін жерлестеріміз 2:0 етіп жеңіп тұрды. Есепті 13-минутта Алексей Анциферов ашты.29-минутта Павел Зятьков екінші шайбаны түсірді. Чехтар үшінші кезеңде Петр Сколудтың күш салуымен бір шайбаның қарымтасын қайтарды. Бірақ қарсыластар бұдан артыққа бара алмады
Біздің жігіттер ақтық сында Ресей құрамасымен кездеседі. Ресейліктердің Канадамен ойынының негізгі уақыты 2:2 болып аяяқталды. Орыстар тек буллиттен басым түсіп, финалға жолдама алды.
Матч бүгін, сенбі күні, 15 ақпанға қараған түні өтеді.
Дамир Қожамқұл.