• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Тамыз, 2015

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы № 62

254 рет
көрсетілді

Б.Б.Атамқұловты Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 8 тамыз. № 62 Бейбіт Бәкірұлы АТАМҚҰЛОВ 1964 жылы туған. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, Санкт-Петербург мемлекеттік экономика және қаржы университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын Норильск тау-кен металлургия комбинатының (КСРО) мыс қорытатын зауытында балқытушы болып бастады, 1985-1991 жылдары Шымкент қорғасын зауытында металл балқытушы, ауысым шебері, инженер-технолог, жетекші инженер болып жұмыс істеді. 1991-2006 жылдар аралығында коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды. 2006-2012 жылдары дипломатиялық қызметте болды. Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы, Бруней-Даруссаламдағы, Филиппин Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы болып тағайындалған. 2012 жылғы қазаннан Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы болды. 2014 жылғы тамыздан – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы.