• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
09 Шілде, 2010

“ҚАРАӨТКЕЛ – 2010” ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

508 рет
көрсетілді

Кеше Ауыл шаруашылығы ми­нистрінің орынбасары Арман Евниев пен “Қазагромаркетинг” АҚ басқарма төрағасының орын­ба­сары Нұрлан Мұхамеджановтың қаты­суы­мен Қазақстан агро­өнер­кә­сіп кешені жетістіктерінің “Қара­өт­кел ­2010” жәрмеңкесі және І ха­лық­ара­лық мал шаруашылығы фо­румының жұмысын түсіндіру мақ­са­тында бас­пасөз мәслихаты болып өтті. Онда аталған жәрмеңке 2010 жылғы 31 шілдеден 1 тамызға дейін “МЕТРО” көтерме сауда орталығы­ның ма­ңын­да өтетіндігі белгілі болды. Жыл сайын жәрмеңкенің қаты­­сушылар саны көбеюде. Мәселен, 2006 жылы олардың саны 100-ге ғана жетсе, ал 2008 жылы 200 ком­пания қатысқан еді. Биыл аталмыш жәрмеңкеге 300 компания қатысуға тілек білдіріпті. Сондай-ақ, биыл “Қараөткел 2010” жәрмеңкесі аясында алғаш рет 30 шілдеде “RІXOS Presіdent Astana” қонақүйінде Қазақстан, Ре­сей, Бе­ларусь, Еуропа және Ка­нада елде­рінің жетекші ет және сүт өнімдері өндірушілерінің қатысуы­мен “Kaz­Meat&Mіlk 2010” атты І халық­ара­лық мал шаруашылығы форумы өтеді. Жәрмеңке қатысушылары ара­сында өз секторының ең үздігін табу мақсатында байқау ұйым­дас­тырылуда. Байқауда ұтқандар ха­лықаралық көрмелерде қазақ­стан­дық делегацияның құрамында елімізді таныстыруға мүмкіндік алады. Жәрмеңкеде жүзден жүйрік шыққан ең үздіктер “Қараөткел 2010” атты алтын медалдармен марапатталады. Сонымен бірге, жәр­меңкеге қатысушыларға өз өнімінің көп бөлігін сақтауы үшін мұздатқыш жабдықтар тапсы­ры­ла­ды, деп хабар­лады Ауыл шаруа­шылығы министр­лігінің баспасөз қызметі.