• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 10:27

«Ұлттық қор – балаларға» президенттік бағдарламасы: 3 жыл ішінде балаларға 2,5 млрд доллардан астам қаражат аударылды

0 рет
көрсетілді

Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде Премьер-министр Олжас Бектеновтің «Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл» атты көлемді мақаласы жарық көрді. Мақалада Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұтас ұлт тағдырын мойнына алған жеті жылда еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси даму моделінде ауқымды әрі жүйелі өзгерістер болғаны қамтылған. Үкімет басшысы өскелең ұрпақтың жағдайына да ерек­ше көңіл бөлініп жатқанын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы – Прези­денттің маңызды бастамаларының бірі», деді Үкімет басшысы.

Еске сала кетейік, аталған бағдарлама шеңберінде балалардың шотына Ұлттық қор­дың инвестициялық кірісінен жыл сайын қаражат аударылады, оны әр бала 18 жасқа толғаннан кейін білім алуға немесе тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақ­са­тында пайдалана алады.

«Бағдарлама жүзеге асы­­­­рыл­ған үш жыл ішінде еліміздегі жеті млн баланың шотына 2,5 млрд доллардан астам қаражат аударылды», деді Премьер-министр.

Ұлттық қор балаларға 888 млн доллар аударды

Сонымен қатар Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2026-2030 жыл­дарға арналған «Қазақстан балалары» бірыңғай бағ­дар­ламасы бекітілгенін, ол Қазақстандағы бала­лардың құқықтары мен әл-ауқатын қам­тамасыз ету бо­йынша барлық қол­­­да­­­ныстағы және жоспарланған іс-шара­­­лардың басын біріктіретініне тоқталды.

«Аталған құжат елдегі әрбір баланың құқықтары мен әл-ауқатын жүйелі түрде қорғауды қам­­­та­масыз ететін орнықты мемлекеттік сая­саттың негізі болып табылады», деді Олжас Бектенов.

Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл

Соңғы жаңалықтар