• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
13 Шілде, 2010

“ҚАЗАҚСТАН-ЕҚЫҰ-2010” КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

441 рет
көрсетілді

Өткен аптада Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Caspіan Publіshіng House баспасы дайындаған “Қазақстан-ЕҚЫҰ-2010” кітабы жарық көрді. Аталмыш топтама шеңберінде тоғызыншы рет шыққан басылым, ав­торлардың пайымдауынша, ағым­дағы жылы Қазақстанның қоғамдық өміріндегі ең маңызды оқиғаға арналған. Сыртқы саясат тақырыбымен қатар, авторлар оқыр­мандар назарына еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени дамуының жан-жақты сипаттамасын ұсынған. Басылымның авторлары Қазақ­стан мен ЕҚЫҰ-ның өзара ық­пал­дастығының 18 жылдық тарихын оң­тайлы талдап, республика­мыз­дың 2010 жылы аталған Ұйымға төр­ағалыққа сайлануы Алаш елі тәуелсіздігіне қол жеткізген жыл­дар­дың ішінде саяси, экономи­ка­лық және қоғам дамуында қол жет­кіз­ген бірегей жетістіктерінің мой­ындалуы болып табылатынын ай­қын дәлелдейді. Сонымен қатар, оқырмандар назарына ЕҚЫҰ-дағы қазақстандық төрағалықтың негізгі басымдықтары мен бірінші жарты­жылдық шеңберіндегі қызметінің ал­ғашқы қорытындылары ұсынылған. Кітаптың негізгі бөлімдерінің бі­рі Қазақстанның Тұңғыш Прези­ден­ті Нұрсұлтан Назарбаевтың еур­а­зиялық және ғаламдық қауіпсіз­дікті нығайтуға қосқан айтарлықтай үлесіне және жақында Вашинг­тонда өткен Ғаламдық ядролық саммитте әлемдік қауымдастық тарапынан тиесілі мойындау тапқан еліміздің ядролық қарудан бас тартумен шектелмей, бейбітсүйгіш саясатымызды одан ары жалғас­тыра білген Елбасы шешімдерінің тарихи маңыздылығына арналған. Үш тілде (қазақ, орыс, ағыл­шын) жарық көрген бұл кітап жоғары полиграфиялық деңгейде және бай иллюстрациялармен басылып шығарылып, Қазақ елінің саяси дамуынан хабардар болғысы келетін оқырмандарға арналған. “Егемен-ақпарат”.