АЛМАТЫ. 21 мамыр. Ресейлік «Сбербанк»-тің Басқарма төрағасы Герман Греф Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – Бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамын» оқығаннан кейін өзінің «мәдени есеңгіреп» қалғанын мәлімдеді. Бұл туралы ИА «Новости-Қазақстан» хабарлады.
Астанада өтіп жатқан экономикалық форум барысында Гермен Греф: «Қазақстан Президентінің «100 нақты қадам» туралы таяуда жарияланған құжатын сіздердің оқып үлгерген-үлгермегендеріңізді білмеймін. Бірақ мен бұл құжатты оқып шыққанда «мәдени есеңгіреп» қалдым» – деді.
Өзі атап айтқандай мемлекет дамуының тамаша бағдарламасы болып саналатын құжатқа қатысты ол одан ары: «Қазақстан әлемдегі ең бір мансапты бағадарламасымен бастама жасады. Мен бұл бағдарламамен танысу барысында бейне бір Сингапур үкіметінің бағдарламасын оқып отырғандай көңіл-күйде болдым. Меніңше бұл бағдарламаға талай-талай еуропалық елдердің үкіметтері таңданыспен қызығушылық білдіреді деп ойлаймын», – деп ағынан жарылды.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: ИА «Новости-Қазақстан».