2010 жылғы 21 шілде Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы №2333 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. “Еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемін бөлу туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы №2333 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 2010 ж., №5, 70-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
қаулының бүкіл мәтіні бойынша “Индустрия” деген сөз “Экономикалық даму” деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген оларға қатысты тарифтік квоталар енгізілген еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталарды бөлу әдісінде:
11-тармақтағы “Тарифтік квота” деген сөздерден кейін “қажет болған жағдайда” деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдерден шығарылған және әкелінген етті қоспағанда, етті Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін тарифтік квоталар көлемін бөлуде:
0202 СЭҚ ТН кодында:
мына:
“оның ішінде:
Австралия 1 439
Аргентина 4 349
Бразилия 2 297
Еуропалық одақ 1 256
басқалары 659” деген жолдар алынып тасталсын;
0203 СЭҚ ТН кодында:
мына:
“оның ішінде:
Канада 1 658
Америка Құрама Штаттары 4 258
Еуропалық одақ 1 286
басқалары 198” деген жолдар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.